26 C
Нур-Султан
14.06.2021

Рахимова Гүлнар. Баланы тұлға етіп тәрбиелеуді тілін сүю мен тарихын танудан бастау керек.

— Саламатсыз ба, Гүлнар Мизинбайқызы, ҰБТ — ға санаулы күн қалды, жалпы дайындықтарыңыз қалай?
— Саламатсыз. Не десем екен, көз тимесін … жақсы.
— Сіз баптап, бәйгеге қосқалы отырған түлектердің арасында бір сыныпта 15 «алтын белгі», 5 үздік аттестат үміткері бар екен. Кей мектептер «семіз айтып, арық шығып» ҰБТ-дан соң айқай-шу боп жатады. Оқушыларыңыз үмітіңізді ақтай ма?
— Үмітсіз дүние болмайды. Мен өз басым түлектерімнің біліміне, оларды оқытқан әріптестерімнің еңбегіне сенемін. Көлденең қырсығынан сақтасын. Сенгеннен ғой, баптап, ұсынып жатқанымыз. Мен оларды оқытқан жандарға сенемін.
Біздің мектеп ұстаздары ерекше жандар. Ешқайсысы уақытпен де, ештеңемен санаспайды. Түсінбеген сұрағын кез келген жерде отыра қалып, іздеп жүріп ұғындырады. Жалпы түлектер өз-өзіне сенімді. Ол сенімділік білімі нақты болса орнығады. Сенім – ол тау бұзатын күш емес пе?!
— Өзіңіз тарих пәнінің ұстазы екенсіз, тарихшы ретінде айтыңызшы ҰБТ- ға тестпен дайындалу баланың тарихи санасы мен білімін арттыра ала ма? Жалпы ҰБТ -ға бағытталған жаттанды білім бізге не береді?
— Білім жаттанды болмауы керек. Емтиханға, тестіге дайындалса да тек оқулық, кітап оқып, талдау арқылы жетістікке жетуге болады. Ал, тарихты жаттанды түрде оқу — өзін-өзі алдау болып табылады деп ойлаймын. Тарихи күндер мен терминдерді жаттауға болады, ал деректер мен дәйектерді түсінбесе қалай жаттайды. Және де тарих уақыт тізбегімен болатын үрдіс емес пе? Бірімен – бірі байланысты туындасып, жалғасып жатқан оқиғалар. Жалаң тесттік сұрақтар жаттау – жетістікке жеткізбейді. Шәкірт тарихты тек тест немесе емтихан тапсыру үшін ғана емес, өзі үшін, сана мен таным үшін оқу керек. Бүгінгі ұрпақтың бәрі ертең шет елден оқығысы келеді, барғысы келеді.Сонда елін, халқын қалай танытады, егер тарихын, тілін, ділін білмесе. Осыны оқушыға жеткізе білуіміз керек.
— Жыл сайын ҰБТ да тарих пәнінен екіұшты жауабы бар сұрақтар жиі кездеседі. Бұл даулы сұрақтардың бір мәмлеге келген нақты жауаптары бар ма, әлде жыл сайын талас-тартыс бола бере ме?
— Жыл сайын ҰБТ-ға оқушыларды дайындап келемін. Шынын айтсам, екі ұшты жауабы бар немесе даулы сұрақ болған жоқ. Дәйім солай болсын. Жалпы әр түрлі жағдайлар болады ғой. Бірақ өз білмегенін, қателігін тарих сұрағының дәйектілігіне күмән келтіруден іздеу қате деп есептеймін. Тарих пәні өз болмысында қашан болмасын, талас – тартыстың, даудың обьектісі емес пе? Сыналатын да, бұрмаланатын да – Тарих. Біз өз мыңжылдық тарихымызды зерделеп, реттеп алып, ту қылып ұстауымыз қажет. Ол уақыт талабы және уақыт еншісінде.
— «Зерде» сынды озық мектеп оқушыларының қазақ тарихына құштарлығы қалай? Жалпы, тарих пәнінің міндеті- тарихи сананы ояту, бұл жағынан шәкірттеріңіздің деңгейі қалай?
— Баланы тұлға етіп тәрбиелеуді тілін сүю мен тарихын танудан бастау керек. Қызықтыра, ынталандыра білсе мыңжылдық тарихымыз тұнып тұрған қазына емес пе? Мектебіміз математика – жаратылыстану бағытында болса да, шәкірттеріміз тарих пәнінен олимпиада-сайыстарда, жоба қорғау байқауларында да жүлделі орындарды иеленіп жүр.
— Ал, әр баланы тұлға етіп тәрбиелеудегі сынып жетекші рөлі қандай?
— Сынып жетекшісін оқушының мектептегі анасы деп айтуға болады. Баланың мектептегі тәртібіне, іс-әрекетіне, тіпті алған бағасына дейін… бәріне жауап беретін – сынып жетекшісі. Кейбір ата-ана келеңсіз жағдай болса , мектепті,оның ішінде сынып жетекшісін кінәлап шыға келеді. Сынып жетекшісі болу — үлкен міндет және жауапкершілік жүктейді. Кейбір сыныпты жетекшісіне қарап бағалауға болады. Бала дегеніміз, әсіресе, бастауыш сынып оқушысы өз мұғаліміне еліктейді. Сынып жетекшісі баланы мектепте сабағына қарсы алып, соңғы оқушы үйіне қайтпай, жұмыс орнынан кетпейді. Жүргізетін тәрбиелік жұмыстары қаншама. Сынып жетекшілігіне қосылатын үстеме ақы мөлшері, оның бір күндік еңбегіне де татымайды, сонда да біздің ұстаздар өз міндетін аналық парызым деп ауырсынбай, міндетсінбей алып жүр.
— Ұстаз ретіндегі бүгінгі білім саласындағы ең ауыр мәселе не деп ойлайсыз?
— Ұстаздың қоғамдағы беделі мен төрден алар орны олқы соғып тұр.
— Себеп неде, не істемек керек?
— Cебебін әріден іздеу керек. Кеңес кезінде мектеп саяси қарудың негізі болды. Мұғалім – мемлекеттің саясатын жүзеге асырар тұлғасы болды.
Мектеп қабырғасынан әр оқушы «мұғалім болсам» деп армандайтын. Ал, қазір ше… Менің 28 түлегімнің ішінен жалғыз оқушы ғана мұғалім болсам деп отыр. Жастар біздің мамандықты таңдамайды. Біріншіден , жастар санасына «ұстаздық» мамандық қадірін жеткізе алмадық. Екіншіден, ұстаз беделінің жоғары деңгейде болмауы. Үшіншіден, жалақының төмен болуы.
Осы жақтарды көтеру қажет. Ақын сөзімен айтқанда, « Тұрыңдар, келе жатыр, келе жатыр ұстаздар» дегенде қарсы алатындай, жастар қызыға қарайтындай, еңбегі жоғары бағаланса , одан артық не керек. Қолға алынып жатқан сияқты, сенеміз, үміттенеміз, күтеміз.
— Қазақ елінің ертеңі болар ұрпақтың тәрбиесі мен тәлімінде әріптестеріңіз бен ата-аналарға не айтасыз?
— Тамаша бір нақыл сөз оқыдым: «Балаң патша болсын десең, әкесін хандай сыйла» деген. Түсінген адамға үлкен ой тастайды. Ұстаз, ата-ана және шәкірт үш тағаны нық болу үшін, өзара сыйластықтан артық не бар. Бәріміздің бірігіп оқытып, тәрбиелеп отырған баламыз – ертеңгі ел тірегі емес пе? Ұстаз – шәкірті үшін, ата-ана баласы үшін, бала өзі үшін ұялмайтын болсын. Қосарым, әр мектептегі орта жастағы ұстаздар – білімнің алтын діңгегі. Әріптестеріме денсаулық, шығармашылық табыс, отбасы бақытын тілеймін.

Рахимова Гүлнар Мизинбайқызы. Астана қаласы дарынды балаларға арналған

«Зерде» мектебінің жоғары санатты тарих пәнінің мұғалімі.

Әңгімелескен. Жақсылық Орынбасар
Kazbilim.kz

-ЖАРНАМА-

1 КОММЕНТАРИЙ

  1. п роф. Совет-Хан ҒаббасовШілде 25, 2014 at 10:51 тдЖауап
    — “Мәңгілік Ел” болу – құр айғай мен ұрандатқан бос сөз арқылы келмек емес. Осы идеяның Ө З Е Г І мен Д І Ң Г Е Г І не екенін анықтап алып, соны жетілдірудің ТӘСІЛДЕРІ менМЕХАНИЗМІН анықтағанда ғана іске асады. Ал мәңгі ЕЛ болудың д і ң г е гі – АДАМ болған да, оның ө з е г і – ҰРПАҚ екені ақиқат. Халықтың да… Ұлттың да мәңгілік Елге айналудың жалғыз жолы – ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІ – екені ақиқат. Тәрбиелі ҰРПАҚ қана мұратқа жеткізеді. Міне осынау қасиетті де ұлы мақсатқа қосарым, – ” Адам тәрбиесінің жаңа ілімін” – бүкіл ЕЛ – мемлекет болып…қолға алуды ұсынамын. Мұның барлық механизімі мен технологиясын – менің мынандай кітаптарымнан : – “Ізгілік әләппесі” (1991),
    “Халық педагогикасының негіздері” (1995), “Педагогика мен психология негіздері” (2008), “Ұрпақ тәрбиесінің жаңа ілімі” – (2012), – оқып үйренуге болады. НҰР ОТАН партиясыныңқазіргі іс-әрекеттері мен талпыныстары маған ұнайды. Сондықтан да өтініш жасауды жөн көрдім. Сол үмітіме орай, мен көтеріп жүрген – “ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІНІҢ ЖАҢА ІЛІМІН” – Бауыржан – балам шақырып өз аузымнан тыңдаса екен. Осы тілегім 9-шы маусым күні Байбек Бауыржан балам арнайы келіп, біздер 2-сағаттай әңгімелестік. ҰРПАҚ – халықтың да… мемлекеттің де келешегі.
    ОСЫ КІТАПТАРДЫ АЛЫП ОҚЫП, ҰРПАҒЫҢДЫ “ЖАН ҚҰМАРЛЫҒЫНА” ЖЕТІЛДІР… иісі Қазақтың баласы !!!…

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Орыс әдебиетінің орнын әлем әдебиеті алмастыруы керек!

Әлқисса Әдебиет – адам санасының биік көкжиегінің бірі. Ол әлемдегі ең қуатты идеологиялық қарудың бірі болған, бола бермек те. Әдебиетті өзінің дегенімен жүргізу арқылы бір...

Магистратура мен бакалаврдың арасын кемінде екі жылға ашу керек!

Бүгінде магистратураны ғылым іздеп емес, өзге мақсатта оқитындар көбейді. Жаппай айыптаудан аулақпын, бірақ айтпасақ болмайды. Бүгінгі жұрт магистратураға не үшін түседі? Бірінші, бакалавр бітіре салып, жұмыс...

«Осы ұпай маған жетеді» деген ойдан аулақ болыңыз

Сонымен, жас түлек 2021, ҰБТ-ның бірінші мүмкіндігін сәтті тапсырып шыққан болсаңыз, "осы ұпай маған жетеді" деген ойдан аулақ болыңыз. Өйткені екінші мүмкіндікті пайдаланып неге...

Сенат депутаты Байқоңырдағы мектеп мәселесін көтерді

Биыл Байқоңыр қаласы мен Төретам елді мекенін дамытуға 2,1 млрд теңге жұмсалады. Бұл туралы Қаржы министрі Ербол Қарашөкеев айтты. 1994 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының...

Грант конкурсына қатысқанда нені ескеру керек?

Грант конкурсына қатысатын ҰБТ аяқталуына 20 күн қалды. Көпшілік бөлігі екі мүмкіндігін тапсырып та үлгерді. Енді барлығының ойландыратын сұрақ грантқа қалай түсемін? Конкурс жазатын кезде...