Home Редакция таңдауы 1 маусымда балаларға арналған мерекелік демалыс ұйымдастырылады

1 маусымда балаларға арналған мерекелік демалыс ұйымдастырылады

0

Биыл Халықаралық балалар күніне арналған негізгі шаралар Қаржы министрлігінің алдындағы алаңда өтеді. Бұл туралы astana.kz сайтына Астана қаласының Білім басқармасынан хабарлады
Бұл күні балаларға арналған «Әлем балалар көзімен» атты мерекелік демалыс ұйымдастырылады. Сонымен қатар, М.Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайының шығармашылық ұжымы балаларға «Балалық шақ бойтұмары» атты мерекелік бағдарлама өткізеді. Ведомство қызметкерлерінің пайымдауынша, аталған шараларға 7000 жуық бала қатысады.
Қалалық жалпы білім беретін және мектепке дейінгі мекемелер де Балаларды қорғау күніне орай бірқатар шаралар өткізеді. Оған 33 мыңнан астам бала тартылмақ. Мысалы, №32 мектеп гимназиясының 7-8 сынып оқушылары «Спортшы балалар ел мақтанышы» атты стритболдан жарыста күш сынасады. М.Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрында «Мысық Леопольдтың туған күні», «Сиқырлы сөздер» спектакльдері және «Кьоджиндік ұрыс» комедиясы кішкентай астаналықтардың назарына ұсынылады.

NO COMMENTS

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

Exit mobile version