Home Жаңалық Қаңтардағы қайғылы оқиғаларға байланысты мектепте оқу жылы созылуы мүмкін бе?

Қаңтардағы қайғылы оқиғаларға байланысты мектепте оқу жылы созылуы мүмкін бе?

0

Елдегі төтенше жағдайға байланысты мектепте ІІІ тоқсан әдеттегіден бір апта кеш басталды. Осы орайда оқушылар үшін биылғы оқу жылы созылуы мүмкін бе? Аталған мәселеге қатысты ҚР Білім және ғылым министрлігі мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрағасы өз ойын ортаға салды.

«Министрлік оқушылар үшін үшінші тоқсанды 17 қаңтардан бастау туралы шешім қабылдады. Одан әрі оқу процесі елдегі және әр өңірдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты болады. Уақыт көрсетеді. Әзірге оқу жылының созылуына қатысты нақты жауап айтуға ерте. Егер оқу күнтізбесіне қатысты өзгерістер болса немесе қосымша шешім қабылданса, міндетті түрде хабарлайтын боламыз», — деді Гүлмира Каримова ОКҚ-де онлайн өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, оқушылардың коронавирус індетін жұқтыруға қатысты талдау жұмысы күнделікті жүріп жатыр.

 

NO COMMENTS

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

Exit mobile version