1 C
Нур-Султан
07.10.2022

СҚО-да кейбір мектептер қашықтан оқыту форматына көшірілмек

Солтүстік Қазақстан облысы бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің жаңа қаулысы шықты, ол ертеңнен бастап күшіне енеді.

Жаңа қаулыға сәйкес 3 тоқсанда Петропавлдың және аудан орталықтарының, ауылдардың 600-ге дейін оқушысы бар мектептері штаттық режимде жұмысқа кіріседі.

Оқушы саны одан жоғары болған жағдайда қашықтан оқыту форматына көшеді. Ал қашықтан оқыту форматына көшкен мектептерде әкімшіліктің шешімі бойынша 1-2 сыныптар қалыпты режимде, ал 3-5 сыныптарда кезекші сыныптар болуы мүмкін. Колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттері аралас оқыту форматына көшеді, дәрістер қашықтан, ал зертханалық-тәжірибелік жұмыстар оффлайн өтеді.

Вакцинацияланған оқушылар мен толық вакцинация курсын аяқтаған студенттерді оқу орны әкімшілігінің қалауы бойынша штаттық режимде оқытуға рұқсат беріледі. Мектептен тыс білім беру ұйымдарында оқыту штаттық режимде жүргізіледі, тек топта адам саны 10-нан аспауы қажет.

Сондай-ақ «Ashyq» жобасына қатысатын нысандар жұмыс және демалыс күндері сағат 01.00-ге дейін, «Ashyq» жобасының көшбасшыларына сағат 03.00 — ге дейін жұмыс істеуге рұқсат берілді.

Демалыс күндері жұмыс істейтін нысандарда қызметкерлер мен қелушілерде «жасыл» мәртебесі немесе сынамаларды алған сәттен бастап 7 тәуліктен аспайтын теріс нәтижесі бар ПТР тест болуы, КВИ-ға қарсы вакцинациялауға тұрақты медициналық қарсы көрсетілемдері болуы міндетті немесе соңғы 3 ай ішінде КВИ-мен ауырып жазылғаны туралы анықтаманы көрсетуі қажет. «Жасыл» мәртебесінің болуы облысаралық және облысішілік тұрақты тасымалдарға, отельдерге, қонақ үйлерге, әуежайларға, теміржол, автомобиль, автобекеттерге, жолаушыларға қызмет көрсету пунктеріне, білім беру нысандарына, ЖОО-ға, колледждерге, білім беру ұйымдарының интернаттары мен жатақханаларына, сондай-ақ «Ashyq» жобасына қатысатын әлеуметтік-экономикалық нысандарда міндеттелмейді.

Ал сауда орталықтарына, театрларға, мәдениет нысандарына, спорт кешендеріне, сауна, монша, бассейндерге тек «жасыл» мәртебесі барлар ғана шектеусіз кіре алады.

 

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Ресейден келгендер мектепте мұғалім болып жұмыс істей алма ма?

Ресейде ішінара мобилизация жарияланған соң Қазақстанға бас сауғалап келгендердің саны көбейді. Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов ресейлік мұғалімдердің Қазақстанда мектепке жұмысқа орналаса алмайтынын айтты. Zakon.kz-тің жазуынша,...

Алматының Алатау ауданында екі мемлекеттік колледж салынады

Алматы қаласының Алатау ауданында екі мемлекеттік колледж салынады. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев аудан тұрғындарымен кездесуде айтты. «Келесі жылдан бастап Алатау ауданында екі мемлекеттік...

Қазақстанда білім беру 13,8% қымбаттады

Қазақстанда білім беру ақысы 13,8% қымбаттады. Бұл туралы ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросынан мәлім етті. «Қыркүйек айында білім беру қызметтерінің бағасы...

Павлодар облысында алдағы 3 жылда 10 мектеп салынады

Жолдауда ұсынылған «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында Павлодар облысында алдағы 3 жылда 10 мектеп салынады. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Павлодар облысы жұртшылығымен...

Жаңа Әділетті Қазақстанға елімізде білім культі біржола орныққан кезде ғана жетеміз – Тоқаев

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Павлодар облысының жұртшылығымен кездесуі барысында Мәшһүр Жүсіптің осы өңірдің перзенттерінің арасында алар орнына ерекше тоқталып өтті, деп хабарлайды KAZBILIM БОРТ№1 Telegram...