-13 C
Нур-Султан
22.01.2022

Президент: Гуманитарлық мамандықтармен әуестену кезеңі келмеске кетті

Елімізде Ресейдің үздік техникалық жоғары оқу орындарының филиалдары ашылмақ. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Мәжілісінің отырысында айтты.

«Жоғары білімнің қолжетімділігі де көкейкесті мәселе болып қалуда. Елдің халық тығыз қоныстанған өңірлеріндегі жастарға арналған мақсатты гранттар бөлуге айрықша назар аудару қажет.

Жаңа экономика құру үшін ЖОО бәсекеге қабілеттілігін арттыру маңызды. Жуықта Қазақстанда жетекші шетелдік жоғару оқу орындарының филиалдары ашу басталды. Жақын арада Ресейдің үздік техникалық жоғары оқу орындарының филиалдарын ашу жоспарланып отыр», — деді Президент.

Оның сөзіне қарағанда, 2025 жылға қарай елімізде беделді шетелдік жоғарықажет. «Соның өзінде оның екеуі техникалық бағдарланған болуы керек. Қайталап айтамын, техникалық бағдарланған оқу орындарының филиалын елдің батысында ашу керек. Жалпы бәрімізге білім туралы көзқарасымызды өзгерту қажет.

Гуманитарлық мамандықтармен әуестену кезеңі келмеске кетті. Басымдықты техникалық мамандықтарға беру қажет. Инженерлер мен өнеркәсіп өкілдерінің жаңа буынын өсіріп шығару қажет болып тұр», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Еске салсақ, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Мәжілісінің отырысында ҚР Премьер-Министрі лауазымына Әлихан Смайыловтың кандидатурасын ұсынып, оны Мәжіліс қабылдады.

Президент жуықта Қазақстанды саяси трансформациялау жөніндегі жаңа ұсыныстарын жариялайтынын айтқан . Сондай-ақ, ол 7 қаңтарда халыққа жасаған үндеуінде Үкіметке бүгінгі Мәжіліс отырысында натқы тапсырмалар беретінін айтқан еді.

«Үкімет менің 11 қаңтарда Мәжілісте айтатын сөзіме қатысты нақты шешімдер қабылдауы керек», — деген Мемлекет басшысы.

 

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

«Назарбаев Университеті және Назарбаев Зияткерлік мектептері эндаумент қорларының қызметі жайлы» – А.Сәрінжіповпен сұхбат

Баспасөзде Назарбаев Қорының коммерциялық активтері туралы материалдардың пайда болуына байланысты қалың жұртшылықта сұрақтар туындауы мүмкін, оларға жауап алу үшін біз Қордың қазіргі төрағасы, ҚР...

Математикалық айтыс = дәлелсіз сөз сапыру емес

19 қаңтар күні Abai.kz ақпараттық порталында ардагер ұстаз Ордалы Қосай мырзаның академик Асқар Жұмаділдаевқа жазған «Математик – математикке!» атты үшбу хаты KAZBILIM сайтымызда жарияланған еді. Бүгін ...

Жоғары білімге мән беру керек

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Мәжілісінің отырысында Қазақстан­да дамудың жаңа кезеңі басталғанын айтты. Да­мудың жаңа кезеңі ел экономикасы мен әлеуе­тін көтеруден басталатыны заңды ғой....

Екібастұздық мұғалім оқушылардың ынтасын ояту үшін түрлі ойын технологияларын қолданады

Екібастұздық мұғалім Дария Дошимова оқушылардың оқуға деген ынтасы мен қызығушылығын арттыру үшін түрлі ойын технологияларын қолданады. Дария Дошимова Павлодар облысы Екібастұз қаласындағы №35 мектеп-гимназиясында «Кәсіпкерлік...

Тараз қаласында 600 орынды жаңа мектеп пайдалануға берілді

Тараз қаласы «Шалғай Қарасу» алқабындағы 600 орынды жаңа мектептің құрылысы жергілікті тұрғындардың өтінішіне сәйкес жүзеге асып отыр. Жобалық құны 2,1 млрд. теңгені құрайтын нысанды мердігер...