-25 C
Нур-Султан
09.12.2021

2025 жылға қарай ауыл мектептерінің 95 пайызы жаңғыртылады

2025 жылға қарай ауыл мектептерінің 95 пайызы жаңғыртылады. Бұл жайында Сенат депутаттарының сауалына ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің жауабында айтылған.

«Ауылда білім беру сапасын жақсарту үшін 2025 жылға қарай 5000 мектепке жаңғырту жүргізу жоспарлануда. Бұл ауыл мектептерінің – 95 пайызы. 2021 жылы 5000 мектептің 1015-і, 2022 жылы — 1003 мектеп, 2023 жылы — 994 мектеп, 2024 жылы — 994 мектеп, 2025 жылы — 994 мектеп жаңғыртылатын болады. Барлығы 5000 мектепті жаңғыртуға жергілікті бюджеттен 51,4 млрд теңгеден астам қаражат жоспарланған», — деп атап өтеді Премьер-Министр жауабында.

Оның атап өтінше, ауыл мектептерін жаңғырту күрделі және ағымдағы жөндеу жүргізуді, мектептерді пәндік кабинеттермен, мектеп жиһазымен жарақтандыруды, мектеп кітапханалары мен асханаларын жаңғыртуды, жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз етуді қамтиды.

«Білім және ғылым министрлігі облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктерімен бірлесіп, мектеп құрылысының жаңа моделін бірлесіп қаржыландыруды ескере отырып, алдағы 5 жылға арналған мектеп құрылысына қажеттілікке егжей-тегжейлі талдау жүргізді және 2021-2025 жылдарға арналған 800 мектеп құрылысының жоспар-кестесін әзірледі»,- деді Үкімет басшысы.

 

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Тәуелсіздік жылдары Алматыда 450 жекеменшік балабақша мен 84 мектеп ашылды

Тәуелсіздктің 30 жылында Алматы қаласында мемлекет есебінен 61 балабақша, 45 мектеп салынған. Бұл туралы қала әкімі Бақытжан Сағынтаев орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде айтты. «Тәуелсіздік...

Батыс Қазақстанда бес жылда 77 мектеп салу көзделуде

Батыс Қазақстан облысында Президент тапсырмасына сәйкес бес жылда 77 мектеп салу көзделіп отыр. БҚО білім басқармасының басшысы Айгүл Мыңбаеваның өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингіде...

Білім министрлігі мектепке дейінгі білім берудегі кемшіліктерді атап айтты

Мемлекеттік аттестаттаудан мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының 78 пайызы өте алмады. «Мектепке дейінгі ұйымдарда 2011 жылдан бастап лицензиялау жүргізілмейді. Бірақ, 2012 жылдан бастап мемлекеттік аттестаттау...

Білім беру ұйымдарын аттестаттау қағаздың көбеюіне әкеп соқпауы керек

Білім беру ұйымдарын аттестаттау қағаздың көбеюіне әкеп соқпауы керек. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты. «Мемлекеттік аттестаудан өтпек болған балабақшалардың 80...

Мектеп директорларын ауыстыру қашан басталады

2022 жылдан бастап мектеп директорларының орнын ауыстыру басталады. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты. «Мұғалімдерді бейінді емес жұмыстардан, тексерулерден босату іс-шаралары...