Home Редакция таңдауы Мектеп бітіруші түлектер мешітке келді

Мектеп бітіруші түлектер мешітке келді

0

_MG_0744Міне, санаулы күндерден мыңдаған жас түлектер мектеп қабырғасынан түлеп ұшып, өмір айдынына қанат қағып, арман асқарына самғамақ. Білім жолындағы сапарларын ары қарай жалғастырып, студент атанады. Оны да ойдағыдай аяқтап шығып, білікті маман болып тәуелсіз еліміздің жарқын болашағы жолында қарқынды қызмет етпек. Балаң көңілдерді әлдилеген осы бір тәтті қиялдарымен қатар, қазір олардың жүректерінде аздаған қорқыныш та жоқ емес. Алда оларды түрлі сын-сынақтар күтіп тұр. Алғашқы асу –ҰБТ. Содан кейін, студенттік өмір сынақтары, сессия, т.с.с.

Үкілі үміт құшағында мектеп бітіруші түлектерді үлкен өмірге басқан алғашқы қадамдарына сәттілік тілеп, рухани кеңес беріп, жігерлендіру мақсатында бүгін «Әзірет Сұлтан» мешітінде «Жолың болсын жас түлек!» атты кездесу болып өтті. Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйытқы болуымен өткізілген кездесуге Астана қаласының 69 мектебінен 1800-ге жуық бітіруші шәкірттер қатысты. Кездесу шымылдығын Астана қаласының өкіл имамы Наурызбай Тағанұлы ашып, түлектерге уағыз айтып, сәттілік тіледі. Өз баяндамасында Наурызбай қажы білімнің артықшылықтарына тоқталып, ел ертеңі мен болашағының жарқын болуы білімді жастардың қолында екенін айтты.

Кездесуге келген барлық оқушыларға «Әзірет Сұлтан» мешітінде ашылған «Хикмет» телерадиостудиясында дайындалған «Халық даналығы, «Ғибратнама», «Ақ бата» атты аудио өнімдер және пайдалы кеңестер мен ізгі тілектер жинақталған «Жолың болсын, Жас түлек!» парақшалары таратылды.

http://www.muslim.kz/

NO COMMENTS

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

Exit mobile version