Home Жаңалық Айдын Рахымбаев ауылдағы мектепке директор болатын адамға 100 мың доллар ұсынады

Айдын Рахымбаев ауылдағы мектепке директор болатын адамға 100 мың доллар ұсынады

77

BI Group компаниясының басшысы Айдын Рахымбаев ауылдық мектепке директор іздеуде

Компания басшысының айтуынша, күрделі жөндеуден өткен жаңа мектептің директорына 100 мың доллар немесе Елордадан 3 бөлмелі пәтер сыйға беріледі.

Мен бір-екі жыл бұрын мектепті күрделі жөндеуден өткіздім. Бірақ білімді мектеп қабырғасы емес, озық білімді мұғалім береді. Сол себепті мектеп директорларына байқау жариялаймын. Қатысушыларға үш шартым бар:

Бірінші шарт — үш жыл сол мектепте жұмыс істеу. Мектептің білім деңгейін көтеру, сондай-ақ өзіне мұрагер дайындау.

Білім ордасы ШҚО Көкпекті ауданы, Казнаковка ауылында (Құлынжан), Өскемен қаласынан 160 шақырым қашықтықта орналасқан.

Екіншіден — білім беру әдісі қарапайым болмайды, Финляндияның үздіксіз білім беру үлгісіне ұқсас дайындалған, яғни 2-12 жас аралығындағы бастауыш мектеп түрінде болады. Яғни ойын мен оқыту түрінде жасалған.

Сонымен қатар үш тілде білім беру үшін мұғалімдерді қосымша іріктеу, тұрғын үймен қамтамасыз ету қарастырылған.

Сондай-ақ, балалардың білім алуына ата-аналардың барынша қатысуы маңызды болады.

Ал мектеп өз кезегінде ауылдың шағын қоғамдық орталығына айналады. Яғни, кешкілік, демалыс уақыттарында ауыл жастары, балалар мен ата аналар жаттығатын спорттық секциялар ұйымдастырылады. Біздің топ халықаралық тәжірибелерді мысалға ала отырып басқа да қызықты нәрселер әзірледі.

 

77 COMMENTS

  1. Сәлеметсіз бе? Мен сол мектепке директор болып барсам.Байқау шарттары мен хабарласатын телефон номерін берсеңіздер.

  2. Өте жақсы бірақ жақсы мамандарды апару қиын кадыр тапшылық болды ауылдық жерге жүктеме аз беріледі.

    • Жүктеме жеткілікті. Барлық мамандар орнында. Жумыс істеп жатыр. Тек қосымша жобаға байланысты алмаса.

  3. Мен мұғалім болып барайын қанша айлық толейді екен

    • Ассалаумағалейкум, керемет ұсыныс. Таңдау маған түсіп жатса, тырысып көрер едім.

  4. мен барам директор бооып, егер шынымен мектеп заманға сай жабдықталса, өтірік қағазда жазылған болмаса,

  5. Керемет ұсыныс екен.Осындай жігіттер көп болғай!

  6. Сәлеметсіздерме
    Менің аты жөнім Даулетова Нургуль Ескербековна
    Ағылшын тілі пәні мұғалімі
    Ұсыныстарыңыз өте керемет
    Мен барар едім

  7. Ұсыныс жақсы екен.
    Бірақ, бұл мектептегі оқушы саны қанша?
    Бұл мектеп Финляндияның үздіксіз білім беру үлгісіндей жабдықталған ба?
    Балалардың білім деңгейін көтеру үшін мұғалімдерді іріктеп алуға мұғалімдерден сұраныс қаншалықты?

  8. Сәлеметсіз бе?! Конкурсқа қалай тіркелеміз?

  9. Қайырлы кеш! Байқап отырсам, бұл бір шеткі жақта қалып, жаңармай қалған мектептің тірлігіне ұқсайды. Жалпы негізгі шарттарды оқысам, үлкен үміт отын жағып, бір керемет жанды күтіп отырғандай. Алла қолдап ауылға жаны ашып, ауылды білім нәрімен сусындатып, көркейтуге үлес қосатын жан табылсын.

  10. Саламатсыңдар.
    Өте тамаша талап екен.
    Тек өзге елдің емес, өз еліміздің ұлы педагогтарының іс-тәжірибесіне сүйене отырып оқытса, керемет болар еді.
    Себебі: қарапайымдылық пен салт-дәстүіміздің өзі білім мен тәрбие берудің негізгі бағыты.

  11. Саламатсыздар ма? Байланыс нөмірін қайдан аламыз?

  12. Өте дұрыс бастама.Тек білім бөлімдері тосқауыл болмаса.Жұмыс жасаймын деген адамға тамаша мүмкіндік

  13. Керемет шын мәнінде болса талантты, дарынды тәжірибесі мол мамандар бар. Адрес резюме

  14. Біз баруға дайынбыз,20 жыл бұрын ауыл мектептерінің білім деңгейін көтеремін деген ниетпен ЖОО на түскен едік,мақсатымызды орындауға әзірміз.

  15. Мен Финляндияда біршама уақыт білім беру саласы бойынша тәжірибе алмасып, тағылымдамадан өттім, олардың білім беру жүйесіне біраз қанықпын, зерттеп зерделедім. Әйтсе де қызықты ұсыныс екен…

  16. Мақсаты айқын,сөз жоқ…Барлығын қаражат шешеді ғой.Бұрынғылардың шүленгерлік дәстүріне жалғасуы болып тұр ғой.

  17. Қалай байланысуға болады.Кимге жолығуға болады?

  18. Білімді,парасатты,директор болуға лайықты ,қатарда жүрген әріптестеріміз өте көп,- деп ойлаймын.Кімге бұйырса да сәттілік серік болсын!

  19. Керемет бастама! Қосымша мәлімет қайдан алуға болады екен?

  20. Керемет ұсыныс! Жастарға үлкен мүмкіндік!

  21. Айдын Рахымбаевпен телефон арқылы сөйлесуге болама екен?

  22. Өте керемет колдау.Ондай мектептен керемет шәкірттер шығатынына сенімдімін.

  23. Керемет…Фиғляндия әдісімен оқыту болса одан нәтиже шығаруға болады бірақ мектептің материалдық базасынан бөлек оған қоса менталитет сай болу керек шығар …ол программаны деңгейлік оқыған ұстаздардың барлығы жүзеге асыра алады деп ойлаймын

  24. Мектепте жұмыс жасағанмын тəжірбием бар,жоғары оқу орнында 10жыл еңбек етудемін,Phd доктор дəрежем бар,ауыл мектебін көркейтуге дайынмын

  25. Саламатсыз ба
    Директорлыққа тек қазақ тілінде жұмыс істеймін

  26. Мен жасым 54 те Степногорск қаласындағы мамандандырылған Бөгенбай батыр атындағы олимпиадалық резервтік спорт мектеп колледжінді тәрбиеші болып істеймін. Математика пәнінің мұғалімімін. Егер бұл ұсыныс анық болып жатса директорлық болсын, тәрбие жөнінде завуч болсын мен дайынмын

  27. 26 жыл еңбек өтілі бар қазақ тілі мен әдебиеті пәні, педагог-зерттеуші мұғалімімін. Директорлық тестіден өткенмін. Төрт жыл ғылыми,оқу ісі меңгерушілері қызметін атқарғанмын. Мен барар едім.

  28. Қандай тамаша! Менің туып өскен жерім Жалғызтөбе. Айдындай адамдардың өз ауылына деген сүйіспеншілігін түсінемін. Қолдаймын. Қызығамын. Мақтанамын да. Өзім қазір Алматы облысында тұрамын. 33 жыл еңбек стажым бар. Өзімнің мамандығымды қатты жақсы көремін. 5,5 жылдан кейін, бұйыртса, пенсияға шығамын. Қалтамда артық ақшам жоқ болса да, жеке меншік мектебімді ашқым келеді-ақ, Айдын сияқты өңкей жастарды жинап. Бұл тек арман қазірше.
    Айдынға ісіне сәттілік, жетістіктер, абырой тілеймін. Өзің сияқты сол жердің тумасынан ізде деп кеңес береді ем. Ол не ол? Үш жыл істейді де Астанадан квартираны алады да кетеді.
    Ал енді қазіргі

  29. Сәлеметсіздер ме, баршаға!
    Жаңалыққа жаны құмар ұлт болашағына бей-жәй қарамайтын жан екеніңіз көрініп тұр Айдын Рахымбаев.
    Директор болуға қойған шартыңыз көңілге қонымды, мықты мотивация болғандықтан бағымды сынап көргім келеді.
    Директордың бейін ісі жөніндегі орынбасары лауазымында 3 жылдық пед.стажым бар.
    Жасым -38 де
    Жолдасым биология пәні мұғалімі
    Жасы: 40 та

  30. Керемет ұсыныс. Таңдау талаптарынан өтіп жатсам аянбай еңбектенер едім. Бәрі де өзіміздің қара көздеріміз үшін атқарылатын іс. Қосымша ақпарат көздерін қайдан алуға болады?

  31. Өте керемет ұсыныс екен!!! Ауыл баласын бәсекеге қабілетті етіп білім мен тәрбие беруге жағдай жасап жатқан кәсіпкер азаматқа мың алғыс. Туған жеріне, оқыған мектебіне осындай жанашырлық танытар азаматтар көп болсын!

    Деңгейлік курстың 1-деңгейін бітіргем. Педагог-мастермін.

  32. Керемет ұсыныс. Ауыл балаларының қабілеті де, талабы мен қызығушылығы да жоғары. Олар тәртіпке де бағынады. Мықты, өз ісіне шебер маман кездессе, ауыл мектебінен керемет білімді түлектерді баптап шығаруға болады. 26 жыл қазақ тілі мен әдеб. оқытып келемін. Резюмені қайда жіберуге болады? Тел. номері қандай? Іске сәт!

  33. Кеш жарық!
    Ауылды көркейту мақсатында
    Тамаша мотивация!
    500-600 оқушы деп шамалап отырмын.
    Нәтижелі жұмыс көрсетуге әбден болады.
    ДБЖО лауазымында 3 жылдық тәжірибем бар.
    Жасым 38 де

  34. Қалай қатысуға болады? Физика пәнінің мұғалімі пед модератор

  35. Мен барар едім. Бастауыш сыныптармен жұмыс жасау, керемет!

  36. Толығырақ мәліметтер қайдан аламыз???

  37. 100 оқушы бар ғой деймін мектепте. Ауылды сақтап қалу үшін мектепті ұстап қалу керек. Сол берілетін қаражатқа ісіңіз сай келуі керек қой. Басшының өзі үш тілді білуі шарт. Заманауи басшы болуы қажет. Өзіне сенген адам ғана баруы керек. Берілетін ақшаға қызықпай.

  38. Есімім Тулендиева Сандуғаш 30 жыл білім саласында еңбек етем .оның 10 жылын мектептің білім сапасына инновациалық технология енгізіп. Жаңалық тан қашпай мектеп директордың орынбасары әдіскер болып жұмыс істейм. Мен реформатырмын яғни үнемі жаңалыққа бет бұрып келемін.өкінбейсіз

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

Exit mobile version