-1 C
Нур-Султан
17.10.2021

2022 жылдан бастап 1 сынып оқушыларына «Цифрлық сауаттылық» пәні енгізіледі

2022 жылдың қаңтар айынан бастап қазақстандық мектептерде бірінші сынып оқушылары цифрлық сауатын ашады. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігі хабарлады.

Үшінші тоқсанда оқу бағдарламасына алғаш рет «Цифрлық сауаттылық» пәні енгізіледі. Бұған дейін оқушылар үшінші сыныптан бастап «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» пәнін оқыған болатын.
«Оқу бағдарламасы сұраныс пен уақыт талаптарына сәйкес болуы тиіс. Бүгінгі таңда цифрлық әлемнің қарқынды дамып жатқанын көріп отырмыз. Қазір смартфондар мен компьютерлерді мектепке дейінгі кіші жастағы балалар пайдаланып жатады. Цифрлық сауаттылық – оқу мен жазу сияқты негізгі дағдылардың біріне айналып келеді. Сондықтан балаларды цифрлық сауаттылық және ақпараттық қауіпсіздік негіздеріне мүмкіндігінше ертерек үйрету маңызды. Әлбетте, жаңа пәнді оқыту барысында балалардың жас ерекшеліктері де ескерілетін болады», – деп атап өтті ҚР БҒМ Мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрайымы Гүлмира Кәрімова.
Сонымен қатар 4-сыныпқа арналған «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» және 5-11 сыныптарға арналған «Информатика» пәндері бойынша оқу бағдарламалары қайта қаралды. Жаңашылдықтар балалардың ақпараттық технологиялар саласында сапалы білім алуына бағытталған.
Мектеп бағдарламасы шеңберінде ең танымал Python бағдарламалау тілі оқытылады. Сондай-ақ 5-9 сынып оқушылары 3D-модельдеу мен 3D-принтингке бойынша білім алады.
10-11 сыныптардағы «Информатика» пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы IT-саласының заманауи даму үрдістерін ескере отырып әзірленген. Оқыту бағдарламасында IT-STARTUP, виртуалды және толықтырылған шынайылық, жасанды интеллект, мобильді қосымшаларды әзірлеу, BigData және тағы басқа тақырыптар бар. Сондай-ақ барлық сыныптың оқу бағдарламаларына Интернет желісіндегі қауіпсіздік ережелері, авторлық құқық туралы тақырыптар енгізілген.

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Дене шынықтыру мұғалімдеріне секция жұмыстары үшін қосымша ақы төленетін болды

Бүгін елордадағы Binom education мектебінде Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова мен Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов ұлттық мектеп спорт лигасының...

Қазақстандық ғалымдары терең жаралар мен күйіктерді емдеуге арналған инновациялық құралдар әзірледі

ҚР БҒМ Ұлттық биотехнология орталығының ғалымдары терең жаралар мен күйіктерді емдеуге арналған бірнеше инновациялық құрал әзірледі. Олардың бірі – X-Graft биологиялық жабыны. Ол клиникалық...

Бір көш жердің өлшемі қанша?

Тілімізде бұрынғы мағынасынан айырылған сөздер жетерлік. Оларды қазіргі ұрпаққа түсіндіру, сөз сырынан толық мағлұмат алатындай және оның бүгінгі пайдалану мүмкіндігін түсінетіндей етіп саралау өте...

Асхат Аймағамбетов: Бір мектепте бірнеше спорт зал болуын қарастырып жатырмыз

Ендігі уақытта орта білім беру мектептерінде бір емес бірнеше спорт залдан болады. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлім етті. «Еліміз бойынша...

Асқар Жұмаділдаев: Қазіргі оқушы оқып отырған сабағын ұқпайды

Академик, математика ғылымдарының докторы Асқар Жұмаділдаев қосымша сабақсыз, яғни мұғалімді жалдап оқытпай, қазір оқушыға мектептегі білімді үйрену қиын болатын жағдайға жетіп қалғанымыз туралы ащы...