Home Жаңалық Мұғалімдерден ақша жинамақ болған білім бөлімінің меңгерушісі жұмыстан шығарылды

Мұғалімдерден ақша жинамақ болған білім бөлімінің меңгерушісі жұмыстан шығарылды

0

Алматы облысында мектеп қажеттілігіне мұғалімдерден ақша жинамақ болған меңгеруші жұмыстан қуылды. Оқиға Қарасай ауданында болған.

«Алтын ауылындағы орта мектеп мұғалімдерінің айтуынша, Қарасай ауданы бойынша тәрбие ісі жөніндегі оқу ісінің меңгерушісі аталған мектеп мұғалімдерінен 60-80 мың теңгеден бастап ақша талап еткен. Қаражат мұғалімдердің жалақысынан мектептің қажеттіліктері үшін жиналатынын жеткізген. Талқылаудан кейін жоғарыда аталған оқу меңгерушісі қызметінен босатылды, директор тәртіптік жауапкершілікке тартылды», — делінген Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменттің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Департаменттің мәліметінше, пара алу деректері әлі де білім, ауылшаруашылығы және жер қатынастары саласында жиі кездесіп отыр.

«Жалпы, білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлық деңгейі бұрынғысынша тұрақты жоғары. Аталған факті Call-орталыққа келіп түскен өтініштердің санының көптігі бойынша дәлелденеді. Қазір арнайы 1424 Call-орталыққа түскен барлық өтініштің жартысынан көбі білім беру жүйесіне тиесілі», — деп толықтырды аталған ведомствоның баспасөз қызметінен.

 

NO COMMENTS

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

Exit mobile version