23.05.2024

Шолпан Каринова жаңа қызметке тағайындалды

Үкіметтің қаулысымен Шолпан Таңатқызы Каринова Қазақстан Республикасының Білім және ғылым бірінші вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Премьер-министрдің баспасөз қызметі хабарлады.

Шолпан Каринова 1972 жылы Ақмола облысында дүниеге келген.

Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау педагогикалық институтын, Омбы мемлекеттік педагогикалық университетін бітірген.

Еңбек жолын 1994 жылы ауыл мектебінде мұғалім болып бастады.

1998-1999 жылдары – орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.

1999-2000 жылдары – орыс сыныптарында қазақ тілі пәнінің мұғалімі.

2000-2002 жылдары – директордың оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары.

2002-2003 жылдары Көкшетау медициналық колледжінде оқытушылық және аударма қызметімен айналысқан.

2003-2004 жылдары – СҚО Тайынша ауданы Білім және спорт бөлімінің әдіскері; оқу жұмысы бойынша бөлімше басшысының міндетін атқарушы.

2004-2005 жылдары – СҚО Тайынша ауданы №5 орта мектебінің директоры. 2005-2008 жылдары – СҚО Тайынша ауданының Білім бөлімінде басшылық лауазымдарды атқарды.

2008-2009 жылдары – СҚО Тайынша қаласы әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшесінің басшысы.

2009-2012 жылдары – СҚО Білім басқармасы басшысының орынбасары, Петропавл қаласы.

2012-2013 жылдары – Петропавл қаласы әкімінің әлеуметтік сала жөніндегі орынбасары.

2013-2017 жылдары – СҚО Білім басқармасы басшысының міндетін атқаушы, басшысы, Петропавл қаласы.

2017-2018 жылдары – ҚР БҒМ Мектепке дейінгі және орта білім департаментінің директоры.

2018-2019 жылдары – Астана қаласындағы «Назарбаев зияткерлік мектептері» Педагогикалық шеберлік орталығы директорының орынбасары. 2019 жылғы тамыздан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР БҒМ Білім және ғылым вице-министрі қызметін атқарды.

-ЖАРНАМА-spot_img

7 COMMENTS

  1. Өте сауатты тағайындау деп ойлаймын.
    Шолпан Таңатқызы алдағы уақытта білім саласын алға жетелейді деп сенемін

  2. Керемет! Не деген еңбек! Үлгі боларлықтай адам екен! Білімді адам еш жерде қыйналмай еңбек еткен ғой осы еңбек өтіліне қарағанда!

  3. Білім саласына осында еңбек сүйгіш,қазақи адам керек болған еді.Дәл уақытында келіп қызмет жасап жүр екен.Құттықтаймыз!

  4. Менде мұғаліммін.Бірақ бұлай еңбек ету екінің бірінің қолынан келмейді.

  5. Аман болсын! Жақсы қызмет етуге алла нәсіп етсін!!!

  6. Шолпан жарайсыз! Мектепте оқығанда да алғыр едің,біз сыныптастар мақтан етеміз. Тек алға! Еңбегің жаңа берсін! Білім саласына Сіз сияқты білгір адамның келгеніне қуаныштымын!

  7. Шолпан жарайсыз! Мектепте оқығанда да алғыр едің,біз сыныптастар мақтан етеміз. Тек алға! Еңбегің жаңа берсін! Білім саласына Сіз сияқты білгір адамның келгеніне қуаныштымын!

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА