Home Жаңалық Елорда оқушыларына санитарлық нормаларды сақтау ережесі түсіндірілді

Елорда оқушыларына санитарлық нормаларды сақтау ережесі түсіндірілді

0

Оқу жылының басында қала мектептері жанындағы медицина қызметкерлері балаларға карантиндік шаралар мен санитарлық нормаларды сақтауды еске салды.

Әр сабақтың басында медицина қызметкерлері санитарлық нормаларды сақтау бойынша он минуттық түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Балаларға сабақ кезінде міндетті түрде маска тағу және оны әр 2 сағат сайын ауыстыру, қол гигиенасы – жиі жуу және санитайзерлерді қолдану керектігін түсіндірді.

Бастауыш сынып оқушыларына алдын алу шаралары ойын-сауық түрінде өткізіліп, оның барысында жеке гигиенаны сақтаудың маңыздылығы айтылады.

«Бірінші сынып оқушылары әлі кішкентай ғой, сондықтан оларға ойын түрінде түсіндіру оңай. Олар біздің айтқандарымызбен келісіп, денсаулықты қалай күту керектігін айтады. Ең бастысы, барлық оқушыға санитарлық талаптарды сақтау өте маңызды екенін жеткізу. Дәстүрлі оқыту форматына қайта оралғанда, әсіресе саннормаларды есте ұстаған жөн», – деп атап өтті медбике Жанат Байлова.

КВИ таралуына және ауру деңгейінің артуына жол бермеу үшін мамандар алдын алу шараларын сақтаудың маңыздылығын тағы да еске салды, сондай-ақ оқушылардың ата-аналарынан коронавирусқа қарсы вакцинаны мүмкіндігінше тезірек алуды сұрайды. Айта кету керек, бүгінде тек вакцинация арқылы біз өзімізді және айналамыздағыларды қорғай аламыз, ал балалар дәстүрлі офлайн режимінде оқуды жалғастыра алады.

NO COMMENTS

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

Exit mobile version