7 C
Нур-Султан
22.09.2021

Дәстүрлі оқу форматындағы өзгерістер?

ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Нартай Аралбайұлына берген сұхбатында жаңа оқу жылының дәстүрлі форматта өтетінін, алайда оның бұрынғы оқу жүйесінен айырмашылығы болатынын айтты.

«Білім саласында карантин өткен жылдың 16 наурызында басталды. Барлық оқу орны онлайн форматқа сол кезде көшкен еді. Ал сол 16 наурызға дейін болған форматты қайта жалғастыру мүмкін емес. Өйткені бізде біраз өзгеріс пайда болды», деді министр.

Асхат Аймағамбетовтың түсіндіруінше, енді кейбір сабақтарды онлайнға өткізу, әртүрлі электронды құрылғыларды пайдалануға болады. Өткен жылы мұғалім, студент, оқушылардың цирлық құзыреттілігі әлдеқайда дамыды.

«Сондықтан біз сол 2020 жылы болған дәстүрлі форматқа көшпейміз, сол жылы жиған-терген тәжірибемізді жаңа технологияларды қолдана отырып, офлайн форматта қолданамыз. Ол нені білдіреді? Мысалы ЖОО-да кейбір пәндерді әлі осылай онлайн форматта өткізуге болады деген тұжырымдамаға келдік. Мекепте ІТ пәнінің теориялық бөлімін онлайн форматта өткізуге болады. Екіншіден, қашықтан оқығанда  білім сапасында әртүрлі ақау болды, оны жасыра алмаймыз. Онлайн формат пен дәстүрлі форматты салыстыруға болмайды. Біз жаңа оқу жылын бастағанда оқушылардың онлайн оқудан келгенін ескеруіміз керек. Сондықтан жаңа оқу жылын білім беру бағдарламаларын бейімдеу арқылы бастайтын боламыз», деді министр.

Министрдің айтуынша, жыл басында мұғалімдер оқушыларға сараптама жасайды. Алдыңғы оқу жылында бала қай тақырыптарды игермеді, соны анықтайды. Сол тақырыптарды қамтып, пысықтайды.

 

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Білім министрлігі барлық өңірлеріндегі жауапты басшылардың ұялы телефонын жариялады

Білім министрлігі еліміздің барлық өңірлерінде орналасқан білім беру саласында сапаны қамтамасыз ету департаменттерінің бірінші басшыларының, сондай-ақ олардың орынбасарларының ұялы телефон нөмірлерін жариялады. «Қазақстандықтар аумақтық департаменттердің...

Гуманитарлық білім саласында қазақ тіліндегі 100 оқулық таныстырылды

ҚР Президенті жанындағы Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі ұлттық комиссияның кеңейтілген мәжілісі аясында гуманитарлық білім саласында қазақ тіліндегі 100 оқулық таныстырылды. Бұл...

ШҚО-да 10 білім беру мекемесі мемлекеттік аттестаттаудан өтеді

Шығыс Қазақстан облысында 10 білім беру мекемесі мемлекеттік аттестаттаудан өтеді. Биылдан бастап мектептер мен балабақшалар білім беру стандарттары талаптарына сәйкестігін айқындау үшін аттестаттаудан өтеді....

Дүние­жүзілік үздік ұстаздардың топ елулігінде қазақстандық мұғалім бар

Жуықта Varkey қоры «Әлем мұғалімі» жаһандық сый­лығына үміткер үздік ұстаздардың есімін атады. Дүние­жүзілік байқауда үздік елуліктің қатары­на кіргендердің қатарында Се­мей­дегі Назарбаев зияткерлік мекте­бінің мұғалімі...

Тағылымдамаға жіберілетін ғалымдар іріктелуде

«Болашақ» бағдарламасы шеңберінде шетелге тағылымдамаға жіберілетін ғалым­дарды іріктеу жалғасып жатыр. Жетек­ші мамандар мемлекет есебінен әлемнің үздік жоғары оқу орындары мен ғылыми орта­лықтарында тағылымдамадан өтіп,...