Home Жаңалық Математик-ғалым Сатыбалдиев Ораз Сатыбалдыұлы қайтыс болды

Математик-ғалым Сатыбалдиев Ораз Сатыбалдыұлы қайтыс болды

0

Математик-ғалым Сатыбалдиев Ораз Сатыбалдыұлы қайтыс болды. KAZBILIM редакциясы марқұмның отбасы мен жақын туыстарына көңіл айтады.

Сатыбалдиев Ораз Сатыбалдыұлы Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық ғылыми-техникалық университетінің математика кафедрасының меңгерушісі, физика-математика ғылымдарының кандидаты, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі болып жұмыс істеді. «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытудағы еңбегі үшін» медалінің иегері.

Ол педагогикалық, экономикалық және техникалық мамандық студенттеріне арналған екі монография, оннан астам оқулық пен жиырмадан астам оқу-әдістемелік құралдарды қосқанда, жүз отыз бестен астам оқу, оқу-әдістемелік және ғылыми жұмыстардың авторы. Өзінің тәжірибесін, білімін, ғылыми эрудициясын, шығармашылық идеяларын аспиранттар мен студенттерге жомарттықпен жеткізді. Ғылыми жетекші және кандидаттық, докторлық диссертациялардың кеңесшісі болды. Оның жетекшілігімен бес кандидаттық және бір докторлық диссертация қорғалды.

О.С.Сатыбалдиев ғылыми-педагогикалық қызметті үлкен қоғамдық және ғылыми ұйымдастырушылық жұмысымен табысты ұштастыра білді. ҚР Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы қадағалау және сертификаттау комитетінің психология және педагогика жөніндегі сараптамалық кеңесінің мүшесі болды.

2007 жылғы «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» мемлекеттік грантының иегері атанды.

ҚР Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы қадағалау және сертификаттау комитетінің психология және педагогика бойынша сараптамалық кеңесінің мүшесі болды.

 

NO COMMENTS

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

Exit mobile version