Home Жаңалық Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау мерзімі ұзартылды

Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау мерзімі ұзартылды

0

оғары оқу орындарына құжат қабылдау мерзімі 28 тамызға дейін ұзартылды.

Жоғары оқу орындарына құжаттарды қабылдау мерзімі 28 тамызға дейін ұзартылды. Мұндай шешімді ҚР БҒМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті қабылдады.

«Талапкерлеріміз үшін бұл жақсы жаңалық деп санаймын. Бұл ретте құжат қабылдау мерзімдерін ұзарту бойынша келіп түскен өтініштер саны ескерілді. Білім беру гранты иегерлеріне де, ақылы негізде оқуды жоспарлап отырғандарға да мүмкіндік берілді», – деп атап өтті Білім және ғылым вице-министрі Қуаныш Ерғалиев.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін ЖОО-ға қабылдау үшін құжаттарды 25 тамызға дейін тапсыру қажет болатын.

Айта кетейік, білім гранты иегерлерінің өтінімдері eGov.kz. электронды үкімет порталы арқылы қабылданып жатыр. Ақылы негізде оқу үшін жоғары оқу орындарының виртуалдық қабылдау комиссияларына жүгіну қажет. Олардың тізімі ҚР БҒМ Ұлттық тестілеу орталығының сайтында орналастырылған.

 

NO COMMENTS

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

Exit mobile version