Home Керекті кеңес Жоғары оқу орындарына тапсырушыларға қажетті құжаттар тізімі қандай?

Жоғары оқу орындарына тапсырушыларға қажетті құжаттар тізімі қандай?

0

1. Белгіленген үлгідегі бланкіде өтініш;
2. Жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі
білімі туралы құжат (түпнұсқасы), шетел азаматтары үшін — білімі туралы құжаттың
нотариалды куәландырылған қазақ немесе орыс тіліндегі аудармасы;
3. Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ
тұлғалар ұлты «қазақ» екендігін растайтын құжаттың қазақ немесе орыс тіліндегі
нотариалды куәландырылған аудармасын ұсынады;
4. Шетел азаматтары үшін нострификация туралы құжат түпнұсқасы/анықтама (бар
болған жағдайда);
5. Жеке куәліктің көшірмесі/ кәмелетке толмағандар үшін ата-анасының
біреуінің жеке куәлігінің көшірмесі, туу туралы куәлігінің көшірмесі;
6. 3х4 көлеміндегі цифрлық фото;
7. «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту
туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін
атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен
(Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып
тіркелген) (бұдан әрі – № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрық) бекітілген 075/у нысаны
бойынша электрондық / қағаз нұсқадағы медициналық анықтама;
8. ҰБТ сертификаты;
9. ведомостан үзінді (Шығармашылық етихандар 1 «Педагогикалық ғылымдар»
білім беру салалары бойынша арнаулы емтихан);
10. Білім беру грантын тағайындау туралы электрондық куәлік;
11. Басым құқық /квота беруді растайтын құжаттардың көшірмесі (мемлекеттік грант
иегерлері үшін)
12. 063 егілу құжатының көшірмесі;
13. Флюорография;
14. Ақылы негізде білім алушылар үшін төлем туралы түбіртек көшірмесі;
15. Әскери тіркелу куәлігінің көшірмесі (ер балалар үшін);
16. 1 — құжат тігуге папка, 3 файл.

❗Ескерту. 5, 11, 12, 14, 15 тармақшаларда көрсетілген құжаттар көшірмесімен
бірге салыстыру үшін олардың түпнұсқалары ұсынылады.

Құжаттарды қабылдау 25 тамызға дейін жалғасады.

NO COMMENTS

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

Exit mobile version