Home Жаңалық Үздік студенттер ұлықталды

Үздік студенттер ұлықталды

0

Елордада «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Туған жер» жобасы аясында «ТӘУЕЛСІЗДІК – АЛТЫН ТҰҒЫРЫМЫЗ» атты республикалық конференция өтті.

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған іс-шараны «Bilim-orkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығы Нұр-Сұлтан қаласының «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің қолдауымен ұйымдастырды.

Конференция барысында Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен «Bilim-orkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығы ұйымдастырған «Жылдың үздік түлегі-2021» және «Қазақстанның 100 үздік студенті» республикалық конкурстарының жеңімпаздары марапатталды.

«Жылдың үздік түлегі-202» республикалық байқауының талаптары бойынша үздік деп танылған 80 студент марапатталды. Оған қатысуға республиканың жоғары оқу орындарының 320 түлегі өтінім берді. Сондай-ақ 2 300 адамның ішінен іріктеуден өткен «Қазақстанның 100 үздік студенті» байқауының 100 жеңімпаз студенті марапатталды.

Конференцияға отандық ғалымдар, ЖОО оқытушылары, докторанттар мен магистранттар, студенттер және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

NO COMMENTS

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

Exit mobile version