12 C
Нур-Султан
21.06.2021

Мектептегі камералардың 21 пайызы талапқа сай емес

Мектептер мен балабақшаларда орнатылған бейнебақылау жүйесінің 11,4%-ы ғана полицияның жедел басқару орталығына қосылған.

Үкімет отырысында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері туралы баяндама жасаған Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов осындай деректер келтірді.

«Бүгінде мектептер мен балабақшалар 100% бейнебақылау жүйесімен жабдықталған. Бірақ оның 21%-ы бекітілген талаптарға сәйкес келмейді. Біз жуықта ғана ауқымды тексеру жұргізген болатынбыз. Сол кезде осы мәселе белгілі болды. Тек қана 823 мектеп немесе 11,4%-ының бейнебақылау жүйесі полиция органдарының жедел басқару орталығына қосылған», — деді министр.

Ведомство басшысы арнайы күзетпен қамтылған мектептердің саны 466 ғана екенін айтады.

Бұл — елдегі орта білім нысандарының 6,4%-ы ғана деген сөз.

«Барлық мектептің 14,9%-ында ғана дабыл түймесі бар. Бүкіл мектептерді жақын арада осындай құрылғымен қамту қажет», — деді Білім және ғылым министрі.

 

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Магистратура мен докторантураға түсу ережелері жарияланды

Білім және ғылым министрлігі магистратура мен докторантураға түсу ережелерін жариялады. Магистратураның білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түсу үшін халықаралық сертификаттарды ұсынуға немесе кешенді тестілеу (КТ)...

Той кемімей, ой көбеймейді

Мұхтар Әуезов «Байлығыңмен емес, біліміңмен жарыс» дейді. Біздің бүгінгі кейіпкеріміз Нұр-Сұлтан қаласындағы №90 мектеп-гимназия­сының директоры, химия ғылымдарының PhD докторанты Аятжан АХМЕТЖАНҰЛЫ – қазақ қашан...

Тестілеу кезінде басқа оқушының орнына ҰБТ тапсырмақ болған 4 студент ұсталды

Мектеп түлектерін ҰБТ-ға кіргізу кезінде Face-ID жүйесі арқылы 4 бөгде тұлға анықталды. Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығының бұрынғы басшысы Дидар Смағұлов ФБ парақшасында жазды. Осылайша,...

Орыс әдебиетінің орнын әлем әдебиеті алмастыруы керек!

Әлқисса Әдебиет – адам санасының биік көкжиегінің бірі. Ол әлемдегі ең қуатты идеологиялық қарудың бірі болған, бола бермек те. Әдебиетті өзінің дегенімен жүргізу арқылы бір...

Магистратура мен бакалаврдың арасын кемінде екі жылға ашу керек!

Бүгінде магистратураны ғылым іздеп емес, өзге мақсатта оқитындар көбейді. Жаппай айыптаудан аулақпын, бірақ айтпасақ болмайды. Бүгінгі жұрт магистратураға не үшін түседі? Бірінші, бакалавр бітіре салып, жұмыс...