10 C
Нур-Султан
21.06.2021

Асқар Мамин жаңа оқу жылында барлық мектепті «дабыл түймесімен» жабдықтауды тапсырды

Премьер-Министр Асқар Мамин Үкімет отырысында мектеп медицинасын дамытып, балалар стационары мен емханалардың материалдық-техникалық базасын жетілдіруді тапсырды.

Бейнебақылау жүйелері мен олардың Полицияның жедел басқару орталықтарымен интеграциялануына, «дабыл түймесінің» болуына және жедел ден қоюға ерекше назар аудару керек. Барлық іс-шаралар оқу жылы басталғанға дейін аяқталуы тиіс Бұл мәселе Үкімет отырысында қарастырылатын болады», — деді Ұкімет басшысы.

Сондай-ақ, ол Денсаулық сақтау министрлігіне, әкімдіктерге аурулардың алдын алу және ерте диагностикалау, оңалту, ауруды бала жастан бақылау бойынша шаралар қабылдауды тапсырды.

«Мектеп медицинасын, ерте дамыту мен скрининг кабинеттерінің, балалар үйлерінің, балалар стационары мен емханалардың материалдық-техникалық базасын дамыту қажет. Ең алдымен әкімдіктерге спортпен айналысатын балалардың санын арттыру бойынша шаралар қабылдауды және тиісті қаржыландыруды қамтамасыз етуді тапсырамын.

Өңірлердің әкімдеріне балалардың қауіпсіздігі, демалысы мен денсаулығы мәселелерін ерекше бақылауға алу қажет», — деді Асқар Мамин.

 

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Магистратура мен докторантураға түсу ережелері жарияланды

Білім және ғылым министрлігі магистратура мен докторантураға түсу ережелерін жариялады. Магистратураның білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түсу үшін халықаралық сертификаттарды ұсынуға немесе кешенді тестілеу (КТ)...

Той кемімей, ой көбеймейді

Мұхтар Әуезов «Байлығыңмен емес, біліміңмен жарыс» дейді. Біздің бүгінгі кейіпкеріміз Нұр-Сұлтан қаласындағы №90 мектеп-гимназия­сының директоры, химия ғылымдарының PhD докторанты Аятжан АХМЕТЖАНҰЛЫ – қазақ қашан...

Тестілеу кезінде басқа оқушының орнына ҰБТ тапсырмақ болған 4 студент ұсталды

Мектеп түлектерін ҰБТ-ға кіргізу кезінде Face-ID жүйесі арқылы 4 бөгде тұлға анықталды. Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығының бұрынғы басшысы Дидар Смағұлов ФБ парақшасында жазды. Осылайша,...

Орыс әдебиетінің орнын әлем әдебиеті алмастыруы керек!

Әлқисса Әдебиет – адам санасының биік көкжиегінің бірі. Ол әлемдегі ең қуатты идеологиялық қарудың бірі болған, бола бермек те. Әдебиетті өзінің дегенімен жүргізу арқылы бір...

Магистратура мен бакалаврдың арасын кемінде екі жылға ашу керек!

Бүгінде магистратураны ғылым іздеп емес, өзге мақсатта оқитындар көбейді. Жаппай айыптаудан аулақпын, бірақ айтпасақ болмайды. Бүгінгі жұрт магистратураға не үшін түседі? Бірінші, бакалавр бітіре салып, жұмыс...