Home Керекті кеңес Советқазы НҰРСИЛА. ТӘРБИЕНІ ТӘРКІЛЕУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ…

Советқазы НҰРСИЛА. ТӘРБИЕНІ ТӘРКІЛЕУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ…

0

Советқазы НҰРСИЛА.Жаһандану заманында елден бөлек (изоляция) тәрбие беру деген ақылға сыймайтыны шындық. Дегенмен, тәрбие әрбір ұлттың өзіндік ерекшелігімен – тәрбие. Олай болса, қазақи тәрбие немен ерекшеленеді? деген заңды сұрақ туындайды. Менің пайымдауымша, қазақ педагогикасы ғасырлар бойы сұрыпталған бір-ақ ауыз сөзге байланысты сияқты. Ол сөз «жаман болады» деген сөз. «Есікті керме, көк шөпті жұлма, үлкеннің алдын кесіп өтпе, суға түкірме» деген тиым сөздер – ежелден келе жатқан қазақ педагогикасының алтын қазығы. «Баланы бес жасқа дейін патшадай ұста, он үшке дейін құлыңдай ұста, онан кейін құрдасыңдай жақын ұста» – дегенінде де үлкен мән жатыр. «Қызға қырық үйден тиым жасауы» қазақ қыздарының тәрбиесінің мықты болуына әсер еткенін этнограф-ғалымдар жазып жүр. Ұлттық құндылықтан сусындамаған баланың патриоттық сезімі де нашар болатыны белгілі. Ана тілімен сусындамаған баланың өмірлік көзқарасы да, ұлтқа деген сүйіспеншілігі де басқалай болатыны айтпаса да түсінікті. Мысалы, Жапонияда бала он екі жасқа келгенше, басқа тілді үйретпейді және сөйлетпейді. Бізде балабақшадан бастап үш тұғырлы тіл дегенді ойлап тауып алып, баланың миын көже жасап жатқаны ащы болса да шындық!!!
«БАҚ-тар Батыс мәдениетін тілге тиек еткендігі – ұлттық тәрбиенің тамырына балта шабу» – деп түсіну керек. Гендерлік саясат, эмансипация, мектептегі жыныстық тәрбие, т.с.с. адамзаттың азуына алып келе жатқанын батыс өзі мойындап отыр…. Тәрбиенің жоқтығынан, идеологияның жоқтығынан қоғамда нигилистер мен маргиналдар, космополиттер пайда болатынын естен шығармаған абзал шығар?!!! Қазақтың әлеуметтік философиясының іргетасын қалаушы Абай Құнанбайұлы қара сөздерінде қазақ тәрбиесі жөнінде, ұлтымыздың көптеген кемшіліктеріне тоқталып өткен еді… Олай болса, неге мектеп оқушыларына Абай атамыздың қара сөздерін оқытпасқа, содан ғибрат алмасқа?!! Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні «Ел болам десең, бесігіңді түзе» деген атам ҚАЗАҚТЫҢ сөзін басшылыққа алып, тал бесіктен бастап, бала тәрбиесімен айналысу бірінші ата-ананың, екінші қоғамның міндеті болуы керек!!! Болашақ бұлыңғыр болмасын десек, бала тәрбиесін бесіктен бастаған жөн, құрметті, Ағайын!!!

kazbilim.kz

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here