31 C
Нур-Султан
02.06.2023

Баланы мектепке қай жаста берген жөн — фин ғалымдарының зерттеуі

Финляндия елінің ғалымдары бүлдіршіннің жасы оқу үлгеріміне әсер ететінін айтады. Яғни, жылдың соңында дүниеге келген баланың үлгерімі жылдың басында туғандарға қарағанда нашарлау болады.

Турку университетінің ғалымдары Финляндияда 1996-2002 жылдары дүниеге келген 400 мың баланың деректерін топтастырып, туған күні мен оқу үлгерімі арасындағы байланысты анықтауға тырысқан. Екінші кезеңде оқу үлгерімі нашар 3 мың баланы іріктеп алып, бақылау жүргізген.

Ғалымдар бүлдіршін балаға ақыл-ойы мен физикасы дамуы үшін уақыттың өте маңызды екенін айтады. Яғни, жылдың басында туған балалар жылдың соңында туған балаларға қарағанда оқу үлгерімі жақсы болады. Жазу мен сызуды, математиканы тезірек үйренетінге ұқсайды.

Мәселен, желтоқсан айында 6 жасқа толатын бала мен қаңтарда 6 жасқа толатын баланың арасында ақыл-ой мен зияткерлік жағынан айтарлықтай айырмашылық болады.

Сондықтан ғалымдар баланы оқуға 5 жастан емес, 6-7 жасқа толғанда беру керегін айтады. Өйткені желтоқсанда 6-ға толатын балаға қарағанда, 7-ге толып барып сабаққа барған баланың оқу үлгерімі жақсы болады.

-ЖАРНАМА-

4 КОММЕНТАРИИ

  1. 7 жасқа толып барған дұрыс. Осыны қарастырса екен. Жаңа бағдарлама деп жас ерекшеліккн дұрыс қарамай жатыр. 6 жаста 1 сынып деп тұрып алды, 6 жаста даярлық сыныпқа алмады ұлымды. Мен бермедім. Үйде болды. Алла қаласа 1 ші сыныпқа барады. 6 жастағы бала мен 7 жастағы баланы салыстырса айырмашылық көп.

  2. Өте дұрыс,өзім бастауыш сынып мұғалімі ретінде мұғалім жетіспеуін байланысты білім берудің мазмұны жаңарған жылдан бастап әр жыл сайын қатарынан үш жыл бірінші сынып алдым.Сонда байқағаным 6 жасарлар үлгерімі де физикалық тұрғыдан да үлгере алмай отыр.Білім саласы жеті жасынан қабылдауды жедел түрде қолға алса екен!Үлгерімі төмен оқушылар саны көбеюде!

  3. Дұрыс пікір! Казір баланы мектепке 6 жастан қабылдау НАУҚАН болвп жатыр. Себебі, 1 сынып жаңадан ашылса, директор жаңа 1 мұғалім АЛАДЫ! Баланы жинай беріңдер, деп тапсырма беріп қояды. Сол баланың білімі емес, саны керек болып қалды! Негізі балаға ОБАЛ! Әйтеуір жоғары тапсырма берсе, төмендегілер оны бұрмалап өз мүдделері үшін пайдаланып қалғысы келеді! АРНАУЛЫ СЫНЫП деген шықты, бұлда баланы дамуын тежемесе жоғарылатпайды…. Мәселе көп… Шешімі жоқ….

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Мемлекет басшысы Оқушылардың инновациялық шығармашылық орталығына барды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алматы қаласына сапарының екінші күні Наурызбай ауданында орналасқан мектеп жасындағы балаларға арналған инновациялық шығармашылық орталығының жұмысымен танысудан басталды. Бұл туралы QAZBILIM...

Елімізде балалардың халықаралық мерекесіне орай 1000-нан астам шара ұйымдастырылды

Елімізде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде барлық құрылымдардың, қоғамның, бизнес пен БАҚ өкілдерінің күш-жігерін біріктіру мақсатында «Балалар игілігі үшін!» республикалық акциясы аясында бірқатар іс-шаралар жоспарланған. Қазақстанның...

«Мемлекет өскелең ұрпақтың білімді болып өсуі үшін барлық жағдайды жасайды» – Президент

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау мерекесіне орай Twitter парақшасында құттықтау жариялады, деп хабарлайды QAZBILIM ақпараттық агенттігі. «Баршаңызды Халықаралық балаларды қорғау...

Оқушылар мен ұстаздар ойлап тапқан жаңа жобалар

«Роза – өлшем бірліктер кестесі». Қызылордалық оқушы Садық Роза математиканы оқытудың әдістемесін жетілдіретін жаңа математикалық кесте ойлап тапты. Бұдл кесте «Роза – өлшем бірліктер...

Қазақстан құрамасы мамырда өткен білім жарыстарында қандай нәтижелер көрсетті

Western Edge Open робототехника чемпионаты АҚШ-тың Калифорния штатында Лонг Бич қаласында Western Edge Open деп аталатын робототехника чемпионаты өткен болатын. Аталмыш бұл білім жарсына еліміздің...