-0 C
Нур-Султан
22.03.2023

Үкіметтен бір тиын сұрамай, ауылында көпір салуға бас-көз болған мұғалім

Бүгінгі кейіпкеріміз – Үржар ауданы Көктал ауылының тұрғыны Ақат Рақышев. Оның есімі биылғы «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасында кеңінен танылды. Ауылдағы мектепте көркем еңбек пәнінен сабақ беретін қарапайым мұғалім 20 жыл бұрын мектеп бітірген сыныптастарымен бірігіп, ауылында ұзындығы 100 метрді құрайтын аспалы көпір құрылысын салған. Бұл туралы Азаттық рухы сайты жазды.

30 жыл уақыт бойы ауыл тұрғындарының Қатынсу өзені арқылы көрші ауылдарға қатынау мүмкіндігі болмаған. Тіпті, су тасыған маусымда атты адамның өзі асау өзенді кесіп өте алмайтын болған. Бүгінде сәулетті көпір Көктал ауылын көрші ауылдармен жалғап тұр.

 

«КӨПІР САЛУ ИДЕЯСЫ ЖАЛҒЫЗ МЕНІКІ ЕМЕС, БАРША СЫНЫПТАС ДОСТАРЫМДЫКІ. МЕКТЕПТЕ ДӘСТҮРЛІ ТҮРДЕ БОЛАТЫН ТҮЛЕКТЕР КЕЗДЕСУІНДЕ 1973 ПЕН 1983 ЖЫЛҒЫ АЗАМАТТАР, ЯҒНИ, МЕКТЕП БІТІРГЕНІНЕ 20-30 ЖЫЛ БОЛҒАНДАР АУЫЛ ҮШІН ОСЫНДАЙ БІР ИГІ ІС АТҚАРАЙЫҚ ДЕП ШЕШТІК. КӨПІРГЕ 10 МИЛЛИОНҒА ЖУЫҚ ҚАРАЖАТ ЖҰМСАЛДЫ. ӨЗІМІЗ ЖИНАДЫҚ, АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫ ШАМА-ШАРҚЫ ЖЕТКЕНШЕ 20-30 МЫҢНАН БЕРДІ. ОДАН БӨЛЕК, АУЫЛДАН ШЫҚҚАН ДӘУЛЕТ ҚОЖАХМЕТОВ, ДАРХАН ЕСБОЛОВ ДЕГЕН ЖІГІТТЕР КӨПІРГЕ ҚАЖЕТТІ ҚАРАЖАТТЫҢ БІРШАМА БӨЛІГІН КӨТЕРДІ. МЕЙІРМАН ДЕГЕН АЗАМАТ АРЗАН БАҒАДА ҚАЖЕТТІ БОЛАТ АРҚАНДАР ТАУЫП БЕРІП, ҮЛКЕН КӨМЕК ЖАСАДЫ. СОЛ СЕБЕПТІ, БҰЛ ІСТІ ЖАЛҒЫЗ МЕН АТҚАРДЫМ ДЕЙ АЛМАЙМЫН. МЕН КӨПІР МАКЕТІН ЖАСАП, ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСЫ АЯҚТАЛҒАНҒА ДЕЙІН БАСЫ-ҚАСЫНДА ЖҮРДІМ», – ДЕДІ ОЛ.

Көкталдағы аспалы көпір жаяу жүргіншілерге арналған. Ат, велосипед, мотоциклмен де өтуге болады. Көпірдің жалпы ұзындығы – 130 метр. Биіктігі – 10, ені – 1,4 метр. Көпірдің өзеннен биіктігі үш метрді құрайды.

«КӨПІРДІ МЕНІҢ СЫЗБАМ БОЙЫНША ЖАСАДЫ. СЫЗБАСЫН ЖАРТЫ ЖЫЛ ЖАСАДЫМ. ПАНДЕМИЯ КЕЗІНДЕ МАТЕРИАЛ АЛУҒА КЕДЕРГІЛЕР БОЛЫП, ЖҰМЫСЫМЫЗ ТҰРАЛАП ҚАЛҒАН КЕЗДЕР БОЛДЫ. ДЕСЕ ДЕ, БАС-АЯҒЫ БІР ЖЫЛДА КӨПІР ҚҰРЫЛЫСЫН АЯҚТАДЫҚ. КӨПІР ҚҰРЫЛЫСЫ «ТУҒАН ЖЕРГЕ ТАҒЗЫМ» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА БОЛҒАНДЫҚТАН, МЕМЛЕКЕТТЕН ЕШ ҚАРАЖАТ ТАЛАП ЕТПЕДІК. АУЫЛ ӘКІМІ НҰРЫМ НӘДІРБАЕВ ТЕХНИКА, АУЫЗСУ, МАТЕРИАЛ ЖАҒЫНАН КӨМЕК БЕРДІ», – ДЕДІ КЕЙІПКЕРІМІЗ.

Ахат көпір салу кезінде өлшемдерді үлкен көлемде дұрыс шығару жағы мен техниканың жетіспеушілігі қиындық тудырғанын айтты.

«КӨПІРІМІЗ ҮЛКЕН КӨЛЕМДІ, БІРАҚ ТЕХНИКА АЗ БОЛДЫ. КӨПІР ЖОБАСЫН ҚАҒАЗҒА СЫЗЫП САЛҒАНЫМЫЗБЕН, ӨЛШЕМДЕРДІ ҮЛКЕН КӨЛЕМДЕ ДҰРЫС ШЫҒАРУ ҚИЫН БОЛДЫ. ҚОЛЫМЫЗДА КРАН, ЭКСКАВАТОР, БУЛЬДОЗЕР, МИКСЕР СЕКІЛДІ ТЕХНИКАЛАР ЖОҚ. АДАМДАРДЫҢ ҚОЛЫМЕН, АУЫЛДА БАР ТРАКТОРЛАРДЫҢ КӨМЕГІМЕН ТҰРҒЫЗДЫҚ. НЕГІЗГІ ҚОЛДАНЫЛҒАН МАТЕРИАЛ – ЖУАН ТРУБА, ТЕМІР ТІРЕУЛЕР, БОЛАТ АРҚАНДАР. АУЫР ЖҰМЫСТАРДЫ ӨЗІМІЗ АТҚАРДЫҚ. ҚҰРЫЛЫС БАСЫНДА ТҰРАҚТЫ ТҮРДЕ 10 ШАҚТЫ АДАМ ІСТЕДІК, АРА-АРАСЫНДА АУЫЛ ЖАСТАРЫ КӨМЕКТЕСІП ОТЫРДЫ», – ДЕДІ АХАТ.

Бұрынғы Мақаншы ауданының жерінде орналасқан, 150-дей тұрғыны бар Көктал ауылының келесі мәселесі – тас жол салу.

«ЖОЛЫМЫЗ НАШАР, КҮРЕ ЖОЛМЕН ЖАЛҒАНЫП ЖАТҚАН 50 ШАҚЫРЫМ ЖОЛҒА МЕМЛЕКЕТ ТАС ЖОЛ ТӨСЕП БЕРСЕ ЖАҚСЫ БОЛАР ЕДІ. АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ КӨЛІГІНЕ ДЕ ОБАЛ. МЫҢҒА ТАРТА ТҰРҒЫНЫ БАР АУЫЛЫМЫЗДА МӘДЕНИЕТ ҮЙІ, АСХАНА БАР, ЖАҢА МЕКТЕП САЛЫНЫП, ИНТЕРНЕТ ЖЕЛІСІ ТАРТЫЛДЫ. ЕЛІМІЗДЕГІ ӘРБІР АУЫЛДЫ МҮМКІНДІГІНШЕ ӨРКЕНИЕТТІ, ТҰРҒЫНДАР ҮШІН ЫҢҒАЙЛЫ ЕТУГЕ ТАЛПЫНУЫМЫЗ ҚАЖЕТ. БОЛАШАҚТА МЕМЛЕКЕТ БЮДЖЕТТЕН ҚАРАЖАТ БӨЛІП, КӨКТАЛДЫҢ ЖОЛЫН ЖАСАП БЕРЕДІ ДЕГЕН ҮМІТТЕМІЗ», – ДЕП АЯҚТАДЫ ОЛ ӘҢГІМЕСІН.

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Наурыз туралы қызықты деректер

Наурыз - бүгінде халықаралық мереке. Ол Орталық Азияның көптеген елдерінде: Қазақстанда, Өзбекстанда, Қырғызстанда, Түркіменстанда, Әзірбайжанда, Тәжікстанда және басқа да елдерде ресми түрде атап өтіледі. Айта...

Мотивация беретін үздік 5 фильм

Кей кезде ойлаған арманың мен мақсатың орындалмаған кезде барлығынан шаршап кетесің,  сол кезде мотивация іздейсің. Арманыңыз бен мақсатыңыдан бас тартпай, әрі қарай да армандай...

Оқушылар арасында математика-жаратылыстану бағытында республикалық олимпиада өтіп жатыр

20-25 наурыз күндері Шымкент қаласында жаратылыстану-математика бағытындағы пәндер бойынша республикалық олимпиада өтеді, деп хабарлады «Дарын» РҒПО мамандары. Бұл -  математика, физика, химия, биология, география...

Мемлекет басшысы Наурыз мерекесімен құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Тәуелсіздіктің 25 жылдығы" монументі жанындағы алаңда Наурыз мейрамына арналған мерекелік іс-шараға қатысып, сөз сөйледі, - деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. "Наурыз...

«Алаштану» және «Тұлғатану» пәндері енгізіледі

ҚМДБ төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында халықтың, әсіресе жастардың патриоттық сезімін ояту мақсатында атқарылатын жобалар туралы баяндады. "Халықты...