26 C
Нур-Султан
14.06.2021

АҚШ-тың 5 университетінің шәкіртақысын ұтып алды

Нұр-Сұлтан қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12-сынып оқушысы Жәния Абжан АҚШ-тың бес университетінің шәкіртақысын ұтып алды. Бұл туралы мектептің баспасөз қызметі хабарлады.

Жәнияның айтуынша, АҚШ-тың Сент Луис, Вашингтон & Ли, Тампа және Оңтүстік Флорида университеттерінің шәкіртақысына ие болғанымен, Нотр-Дам университетінің жауабын асыға күткен.

Бес жоғары оқу орнынан шақыру келді. Соның ішінде Вирджиния штатында орналасқан Вашингтон & Ли университеті еңбегіме қарай менің оқу, жатын орын және тамақтану шығындарын толығымен өтейтін шәкіртақысын ұсынды. Ал Сент Луис университеті Президенттік шәкіртақыны тағайындады. Қалған екі жоғары оқу орны да ең жоғары шәкіртақы ұсынды. Алайда мен Нотр-Дам университетінің жауабын асыға күтіп жүрдім. Себебі ол АҚШ-тың үздік университеттер рейтингісінде жоғары орындарға ие. Сондай-ақ ол Чикаго қаласына жақын орналасқандықтан әлемдік компанияларда тәжірибеден өтуге мүмкіндік береді. Бұл университет — менің армандаған университеттерімнің бірі. Жоғары академиялық жетістіктерден бөлек, мені университет қауымдастығы қызықтырады. Студенттер ұйымшылдық пен университет рухын ерекше атап өтеді. Кондолиза Райс сияқты табысты тұлғалар мен түлектер студенттерге жиі дәріс оқиды, — дейді оқушы.

Жәния – мектепішілік өмірдің белсенді қатысушысы, түрлі олимпиадаларға қатысып, волонтерлікпен айналысып жүрген алғыр оқушы. Экономика, ағылшын және биология пәндерін тереңдетіп оқып жатқан оның таңдауы «Компьютерлік ғылымдар» мамандығына түсті. Дегенмен алдағы уақытта қос мамандық алу оның жоспарында бар.

Нотр-Дам университеті ұсынған шәкіртақы оқу, жатын орын және жол шығындарымды толық өтеп, медициналық сақтандыру және оқулықтармен қамтамасыз етеді. Осы орайда мектебімнің, мұғалімдерімнің берген білімі мен қолдауы үшін үлкен алғыс білдіргім келеді. Алған білімімді дұрыс қолдана отырып, магистратура, PhD бағытында біліктілігімді арттырғым келеді. Мақсатыма жетуде «Тек қана алға!» деген өмірлік ұстанымымның көмектесетініне сенімдімін, — дейді жас зияткер.

 

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Орыс әдебиетінің орнын әлем әдебиеті алмастыруы керек!

Әлқисса Әдебиет – адам санасының биік көкжиегінің бірі. Ол әлемдегі ең қуатты идеологиялық қарудың бірі болған, бола бермек те. Әдебиетті өзінің дегенімен жүргізу арқылы бір...

Магистратура мен бакалаврдың арасын кемінде екі жылға ашу керек!

Бүгінде магистратураны ғылым іздеп емес, өзге мақсатта оқитындар көбейді. Жаппай айыптаудан аулақпын, бірақ айтпасақ болмайды. Бүгінгі жұрт магистратураға не үшін түседі? Бірінші, бакалавр бітіре салып, жұмыс...

«Осы ұпай маған жетеді» деген ойдан аулақ болыңыз

Сонымен, жас түлек 2021, ҰБТ-ның бірінші мүмкіндігін сәтті тапсырып шыққан болсаңыз, "осы ұпай маған жетеді" деген ойдан аулақ болыңыз. Өйткені екінші мүмкіндікті пайдаланып неге...

Сенат депутаты Байқоңырдағы мектеп мәселесін көтерді

Биыл Байқоңыр қаласы мен Төретам елді мекенін дамытуға 2,1 млрд теңге жұмсалады. Бұл туралы Қаржы министрі Ербол Қарашөкеев айтты. 1994 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының...

Грант конкурсына қатысқанда нені ескеру керек?

Грант конкурсына қатысатын ҰБТ аяқталуына 20 күн қалды. Көпшілік бөлігі екі мүмкіндігін тапсырып та үлгерді. Енді барлығының ойландыратын сұрақ грантқа қалай түсемін? Конкурс жазатын кезде...