26 C
Нур-Султан
14.06.2021

Қазақстан білім саласының бюджеті қанша – министрдің жауабы

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов бюджет қаржысының қанша екенін және оның қайда жұмсалып жатқанын айтты. Мұны Baitassov Live-қа берген сұхбатында айтты.

Білім министрінің айтуынша, халықтың ағарту саласында бөлінген қаржы екі жылдың ішінде екі есе көбейген.

«Қазір білім министрлігінің бюджеті – 1,3 трлн теңге. Осыдан екі жыл бұрын 650 млрд теңге болатын. Білім бюджетінің басым бөлігі мұғалімдердің еңбекақысын беруге, жатақхана мен мектеп салуға кетеді. Ал жөндеу жұмысын жасау, әдістемелік нұсқаулық шығаруға бөлінетін қаржы керісінше азайды. Есесіне, мұғалімдердің еңбекақысын, шәкіратқаны көтеруге, білім беру гранттарын бөлу мен көбейтуге бөлінетін қаржы еселеп өсті. Ғылым саласына да көбірек қаржы құйылып жатыр», — деп түсіндірді Асхат Аймағамбетов.

Қазір білім бюджетіне бөлінетін қаржы елдің ЖІӨ-нің 5 пайызын құрайды. Ал 2025 жылға дейін 7 пайызға дейін жетпек.

«Бұл қаржының бәрі мұғалімдердің еңбекақысын өсуге жұмсалады. Мәселен, соңғы 5 жылдың ішінде мұғалімдердің еңбекақысын беруге 5,3 трлн теңге жұмсалған екен. Бұл қаржының бәрі елдің ішкі экономикасына жұмыс істейді. Соның арқасында педагогтер қазір баспана алуға қол жеткізуде», — дейді білім министрі.

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Орыс әдебиетінің орнын әлем әдебиеті алмастыруы керек!

Әлқисса Әдебиет – адам санасының биік көкжиегінің бірі. Ол әлемдегі ең қуатты идеологиялық қарудың бірі болған, бола бермек те. Әдебиетті өзінің дегенімен жүргізу арқылы бір...

Магистратура мен бакалаврдың арасын кемінде екі жылға ашу керек!

Бүгінде магистратураны ғылым іздеп емес, өзге мақсатта оқитындар көбейді. Жаппай айыптаудан аулақпын, бірақ айтпасақ болмайды. Бүгінгі жұрт магистратураға не үшін түседі? Бірінші, бакалавр бітіре салып, жұмыс...

«Осы ұпай маған жетеді» деген ойдан аулақ болыңыз

Сонымен, жас түлек 2021, ҰБТ-ның бірінші мүмкіндігін сәтті тапсырып шыққан болсаңыз, "осы ұпай маған жетеді" деген ойдан аулақ болыңыз. Өйткені екінші мүмкіндікті пайдаланып неге...

Сенат депутаты Байқоңырдағы мектеп мәселесін көтерді

Биыл Байқоңыр қаласы мен Төретам елді мекенін дамытуға 2,1 млрд теңге жұмсалады. Бұл туралы Қаржы министрі Ербол Қарашөкеев айтты. 1994 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының...

Грант конкурсына қатысқанда нені ескеру керек?

Грант конкурсына қатысатын ҰБТ аяқталуына 20 күн қалды. Көпшілік бөлігі екі мүмкіндігін тапсырып та үлгерді. Енді барлығының ойландыратын сұрақ грантқа қалай түсемін? Конкурс жазатын кезде...