17 C
Нур-Султан
26.09.2022

Мұхтар жазған боламын деп бала Абай…

Айбар ЕрғалиұлыЖалпы білім беретін мектептеріндегі қазақ 4-сыныптарының арасында «Абай оқулары» өтті. Шараны мектеп оқушылары арасында Абай шығармаларын насихаттау, оқушылардың шығармашылық қабілетін, эстетикалық талғамдарын, тұлғалық сезім мәдениетін қалыптастыру, 4-сынып оқушыларының Абай поэзиясына, ұлы ойшылдың рухани мұрасына деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында қалалық білім басқармасы ұйымдастырды.
Конкурстың іріктеру кезеңі 29-30 мамыр күндері өтсе, іріктеуден сүрінбей өткен жас түлектермен 14 мамыр күні №71-мектеп-лицейінде қорытынды конкурс ұйымдастырылды. Өрендерді ұлттық психология мен философияның атмосферасында тәрбиелеуді мақсат еткен бұл игі шараның биылғы басты олжасы «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» атты балалардың жеке шығармашылығына арналған бөлімдегі №64-мектеп-лицейінің 4-сынып оқушысы Айбар Ерғалиұлының балаң, балаң болса да ойлы жырлары болды.
Айбар… Биігіне қанат қағып арманның,
Туар әлі маған-дағы самғар күн.
Мұхтар жазған боламын деп бала Абай,
Көп ертегі, қиссаларды аудардым… деп толғаған бала жүректің лүпілі қазылар алқасын да, замандастары мен ұстаздарын да толқытса керек. Қазылар бір ауыздан бас жүлдені Айбар Ерғалиұлына берді.
Қазылар ақылдасуға кеткен қысқа үзілісте де сахнаға шығып өлең оқыған бала ақын Айбардың:
Кетсем де алыс жерлерге,
Кетсем де алыс елдерге.
Астанам сені сағынып,
Жүрегім соғар кеудемде… — деген тамаша лирикасына да куә болдық.
Ұстаздар балалардың қарымы мен талабын білмекші болып, қайымдастыруға шақырғанына да Айбар күллі жұртты риза қылып, берілген:
Отанымның жерінде,
Қазағымның елінде… деген ұйымдастырушылардың сөзін іліп әкетіп, табан астында:
Жыр оқиды жас ұлан,
Астананың төрінде, — деген отты сөзімен жиналған жұрттың ризалығын алды.
Байқау соңында Айбардың бала қиялын білгіміз келіп, әңгімеге тартқанда 4-сынып оқушысының ерлігіне таңдай қақпасқа шарасыз едік. Сол үшін өзің жайлы қысқаша мәлімет бере кетсең деген біздің сөзімізге Айбардың қайтарған жауабын қысқартпай беруді жөн көрдік.
Мен, Айбар Ерғалиұлы, 2001 жылы Қытай халық республикасында туылғанмын, екі жылдың алдында ата-анамның арманы бойынша қазақ еліне келгенмін, содан бері Астана қаласында кіші әкемнің үйінде жатып оқимын. Өз әке-шешем Қытайдан белгілі себептерге байланысты көшіп келе алмай жатыр. Мен сол ата-анамның арманы үшін, болашақ мақсатым үшін оларды сағынған сайын мен жақсы оқуым керек деп тырысамын. Олар болашақта келгенде менімен мақтанса екен деймін. Менің бала арманым: «Қазақтың мақтанышына айналған азамат болу» — деп күлімсіреді де,
Ақшиім, менің Ақшиім,
Сағындым туған жақсы үйім,
Өзіңнен ерте аттандым,
Болашақ үшін тас түйін.

Ақшиім, менің ауылым,
Ұнатушы едім дауылын,
Ұнатушы едім бауырмал,
Ата-ана, туыс, бауырым. – деп туған жеріне сағынышқа толы өлеңін оқып берді.
Біз 11 жасар баланың ата-анасынан жырақта жүрсе де, осыншалық талабының күштілігіне риза болып: «Еліңнің ертеңгі мақтанышы бол, қанатың талмасын, тұлпар тұяғыңа томар кезікпесін», деп тілегімізді білдіріп қайттық.

kazbilim.kz

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Мектепте оқушылардың ұялы телефон қолдануына тыйым салуға бола ма – министр жауабы

Мектепте оқушылардың ұялы телефонды қолдану немесе оған тыйым салу шешімін білім ордасының қамқоршылық кеңесі шешеді. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде оқушылардың сабақ кезінде гаджеттерді ұстауына...

10-11 сынып оқушылары үшін ағылшын тілі пәнінің сағаты көбейеді

10-11 сынып оқушылары үшін ағылшын тілі пәнінің сағатын көбейту жоспарланып отыр. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов осылай мәлімдеді. «Математика, физика, химия,...

Министрлік «Өзін-өзі тану» пәнін ресми түрде алып тастауды ұсынды

Оқу-ағарту министрлігі «Өзін-өзі тану адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасының күшін жою туралы» бұйрықты ашық талқыға шығарды. «Өзін-өзі тану адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасын бекіту туралы туралы» ҚР...

Шымкентте АИТВ жұқтырған балалардың жоғары білім алуына көмектесеміз – Ғылым министрі

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек 2006 жылы Шымкентте абайсызда Адамның иммун тапшылығы вирусын (АИТВ) жұқтырған балаларды кездесуге шақырды. «2006 жылы Шымкентте 80-ге...

«Үздік педагог» байқауына өтінім қабылдау 25 қыркүйекке дейін ұзарды

«Үздік педагог-2022» байқауының бірінші кезеңіне қатысу үшін құжаттарды қабылдау тағы 3 күнге ұзартылды. Яғни қазақстандық мұғалімдер 2022 жылғы 25 қыркүйекке дейін құжат тапсыра алады....