1 C
Нур-Султан
07.10.2022

Павлодар облысында ауыл мектебінің есепшісі мен ұстазы 25 млн-нан астам теңгені жымқырған

Ақтоғай аудандық соты білім бөлімінің есеп айырысу шотынан 2011 жылдың қаңтарынан бастап 2019 жылдың сәуіріне дейін ірі көлемде ақша жымқырған есепшіге қатысты үкім шығарды.

Ақтоғай аудандық баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, аудан мектептерінің бірінде есепші мұғаліммен бірге өзінің қызметтік бабын пайдалану арқылы жалпы сомасы 25 281 182 теңге соманы қолды еткен. Оның 10 118 338 теңгесін өзі, ал 15 162 844 теңгені бірнеше адаммен бірге жымқырған. Есепші өзіне және сыбайласына заңсыз түрде артық ақша есептеп, кейін банктік карточкалық шоттарға ақша аударған және оны қолма-қол ақшаға айналдырып, өз пайдаларына жаратқан.

«Бұл жағдайлар куәгерлердің айғақтарымен, сот-экономикалық сараптаманың және маманның қорытындысымен, есеп айырысу шотындағы деректермен дәлелденген. Сотталушы есепші өзінің кінәсін ішінара мойындап, қаражатты сыбайласының өтініші бойынша аванс ретінде аударғанын түсіндірді. Екіншісі кінәсін мойындамай, ақшаны есепші өзі бергенін айтқан», деді баспасөз қызметінде.

Прокурор есепшіні 7 жыл, мұғалімді 7 жыл 6 ай бас бостандығынан айыруды сұрады. Ақтоғай аудандық сотымен педагог кінәлі деп танылып, оған алаяқтық үшін 5 жылға бас бостандығынан айыру, есепшіге 6 жарым жылға колонияда жазасын өтеу түрінде үкім шығарылды.

Үкім мен жеке қаулы заңды күшіне енді.

 

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Ресейден келгендер мектепте мұғалім болып жұмыс істей алма ма?

Ресейде ішінара мобилизация жарияланған соң Қазақстанға бас сауғалап келгендердің саны көбейді. Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов ресейлік мұғалімдердің Қазақстанда мектепке жұмысқа орналаса алмайтынын айтты. Zakon.kz-тің жазуынша,...

Алматының Алатау ауданында екі мемлекеттік колледж салынады

Алматы қаласының Алатау ауданында екі мемлекеттік колледж салынады. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев аудан тұрғындарымен кездесуде айтты. «Келесі жылдан бастап Алатау ауданында екі мемлекеттік...

Қазақстанда білім беру 13,8% қымбаттады

Қазақстанда білім беру ақысы 13,8% қымбаттады. Бұл туралы ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросынан мәлім етті. «Қыркүйек айында білім беру қызметтерінің бағасы...

Павлодар облысында алдағы 3 жылда 10 мектеп салынады

Жолдауда ұсынылған «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында Павлодар облысында алдағы 3 жылда 10 мектеп салынады. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Павлодар облысы жұртшылығымен...

Жаңа Әділетті Қазақстанға елімізде білім культі біржола орныққан кезде ғана жетеміз – Тоқаев

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Павлодар облысының жұртшылығымен кездесуі барысында Мәшһүр Жүсіптің осы өңірдің перзенттерінің арасында алар орнына ерекше тоқталып өтті, деп хабарлайды KAZBILIM БОРТ№1 Telegram...