Home Көкейкесті Былтыр QazVac вакцинасын алған Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтің жағдайы қалай?

Былтыр QazVac вакцинасын алған Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтің жағдайы қалай?

0

Былтыр QazVac вакцинасын алған Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтің жағдайы жақсы. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі мәлім етті.

«Асхат Қанатұлы өзін жақсы сезінеді», деп жауап берді Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі. Сондай-ақ министрдің 2020 жылдың жазында екі компонентпен вакциналанғанын айтты.

Естеріңізге сала кетейік, ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов қазақстандық вакцинаны алғашқылардың бірі болып сынақтан өткізген болатын.

Бұған дейін ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов коронавирусқа қарсы қалай вакциналанғаны жайлы айтып, ғылымға сенуге шақырған еді. Қазақстандық QazVac вакцинасын сынаудың үшінші кезеңі шілде айында аяқталады.

Биологиялық қауіпсіздік мәселелері ҒЗИ бас директоры Күнсұлу Закарияның айтуынша, аталған кезеңде отандық вакцинаның клиникалық зерттеулерінің толық нәтижелерін алу жоспарланып отыр.

 

NO COMMENTS

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

Exit mobile version