2 C
Нур-Султан
13.04.2021

Асхат Аймағамбетов ұстаздарға үндеу жолдады

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн-брифингіде ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов вакцинаға қатысты мұғалімдерге үндеу жасады.

«Денсаулық сақтау министрлігінің берген ақпаратына сәйкес, қазіргі кезде вакцина салғандардың 17 пайызы мұғалімдер. Ведомство бізге тиісті ақпаратты беріп отыр. Жалпы, мұғалімдер вакцинаны өз еркімен алды, ешкім мәжбүрлемейді. Бірақ министр ретінде, Қазақстанның азаматы ретінде әріптестерімді өз еркімен вакцинаны салдыруға, ғылымға сенуіне шақырамын», — деді А. Аймағамбетов.

Министрдің айтуынша, вакцина салдыру мұғалімнің жеке басының қауіпсіздігіне, сонымен қатар мектепте оқып жатқан балалардың, ұжым мен отбасының қауіпсіздігіне әсер етеді.

Сондай-ақ, Асхат Аймағамбетов отбасы мүшелері міндетті түрде коронавирусқа қарсы вакцина салдыратынын да айтты.

«Былтыр тамыз айының басында вакцинаны салдырған едім. Жалпы, жеке өз басым жыл сайын екпе қойдыратын адамдардың санатындамын, яғни тұмауға қарсы екпені жасатып жүремін. Өткен жылы үш вакцина алдым, соның бірі – отандық QazVac. Атап айтқанда, вакцинаға, ғылымға сеніммен қарауға шақырамын», — деді министр.

Сонымен қатар ол өз отбасы мүшелері де міндетті түрде коронавирусқа қарсы вакцина алатынын айтты. «Қазіргі уақытта олар еліміздің өзге де азаматтары сияқты өзінің кезегін күтіп жүр. Шақырту келгенде кезекпен екпені салдырады», — деді Асхат Аймағамбетов.

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

А. Аймағамбетов еліміздің ғалымдарын Ғылым күнімен құттықтады

Бүгін – Қазақстандағы ғылым қызметкерлерінің күні. Күнтізбедегі бұл дата кездейсоқ таңдалмағаны белгілі. 12 сәуір – Ғылым академиясының тұңғыш Президенті, көрнекті ғалым-геолог Қаныш Сәтбаевтың дүниеге келген...

Асхат Аймағамбетов ұстаздарға үндеу жолдады

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн-брифингіде ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов вакцинаға қатысты мұғалімдерге үндеу жасады. «Денсаулық сақтау министрлігінің берген ақпаратына сәйкес, қазіргі...

ҰБТ-ның форматы емес, тек оны өткізу процедурасы ғана өзгерді – А. Аймағамбетов

Ұлттық бірыңғай тестілеудің форматы өзгермеді. Тек оны өткізу процедурасы ғана өзгеріп отыр. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Білім және ғылым...

Қазақстандық жасөспірімдердің мансаптық таңдаулары

PISA-2018 сауалнамасында 15 жастағы жасөспірімдер өздерін 30 жаста қандай маман ретінде көретіндерін атап өтті. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Мәліметтерге...

Грант ұтып алу үшін талапкерлер ҰБТ-ны екі рет тапсыра алады

Мемлекеттік білім грантын ұтып алуға ниеттенген үміткерлер Ұлттық бірыңғай тестілеуді екі мәрте тапсыра алады. Мәселен, егер талапкер сәуір айында тестілеуден өткен болса, оның ҰБТ-ны...