Ұлттық бірыңғай тестілеудің форматы өзгермеді. Тек оны өткізу процедурасы ғана өзгеріп отыр. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты.
«ҰБТ-ның өзгеретіні жайында екі жыл бойы айтып жүрміз. Бұл қадамға ата-аналар да, түлектер де дайын болды. Жалпы, Ұлттық бірыңғай тестілеудің форматы өзгермеді. Тек оны өткізу процедурасы ғана өзгеріп отыр. Бұған дейін тестілеу қағаз нұсқада тапсырылып келді, яғни жауаптарды бояп отыруға уақыт кететін. Енді биылдан бастап электронды ҰБТ-ға көшеміз. Бұл тұрғыда оңтайлы басымдықтар баршылық», — деп атап өтті Білім және ғылым министрі.
А. Аймағамбетовтің айтуынша, бұл бағыттағы қадамдар пандемия кезінде өзінің оң нәтижесін береді.
«Биыл Ұлттық бірыңғай тестілеу үш ай бойы өтеді. Үш айда шағын топтармен түлектер өздері үшін ыңғайлы уақыт пен орында тест тапсырады. Сонымен қатар, ҰБТ-ны екі мәрте тапсыру мүмкіндігі беріліп отыр», — деді Асхат Аймағамбетов
Электронды форматқа көшкенімізге мен айрықша қуаныштымын. Өйткені, өзім де тест тапсырып тиімділігіне көз жеткіздім. Білім алушылардың АКТ сауаттылығы арттыруға байланысты ұсынысым бар. PISA—ға дайындық кезінде оқушыларға нені үйрету керектігін тәжірибеден түйген ұсыныстарымды бөлек жазамын