2 C
Нур-Султан
13.04.2021

Бірінші сыныпқа қабылдаудың алғашқы күні 8 124 өтініш келіп түсті

Бірінші сыныпқа қабылдаудың алғашқы күні 8 124 өтініш келіп түсті. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
1 сәуірде алты жасар және ағымдағы күнтізбелік жылы 6-ға толатын балалардың құжаттарын бірінші сыныпқа қабылдау басталды. Құжаттарды қабылдаудың алғашқы күні 8 124 өтініш келіп түскен.
 Өтініштерді қабылдау электронды форматта egov.kz арқылы жүргізіледі және 1 тамызға дейін жалғасады.
Мектепке түсу үшін келесі құжаттарды ұсыну қажет:
ата-аналардың өтініші (немесе оларды алмастыратын тұлғалар);
баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
баланың денсаулық жағдайы туралы құжат (бала денсаулығы паспорты, 063/у нысаны бойынша медициналық анықтама);
 3х4 көлеміндегі 2 фото.
 2021-2022 оқу жылы 1-сыныпқа 340 мыңнан астам бала қабылдау жоспарланып отыр.

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

А. Аймағамбетов еліміздің ғалымдарын Ғылым күнімен құттықтады

Бүгін – Қазақстандағы ғылым қызметкерлерінің күні. Күнтізбедегі бұл дата кездейсоқ таңдалмағаны белгілі. 12 сәуір – Ғылым академиясының тұңғыш Президенті, көрнекті ғалым-геолог Қаныш Сәтбаевтың дүниеге келген...

Асхат Аймағамбетов ұстаздарға үндеу жолдады

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн-брифингіде ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов вакцинаға қатысты мұғалімдерге үндеу жасады. «Денсаулық сақтау министрлігінің берген ақпаратына сәйкес, қазіргі...

ҰБТ-ның форматы емес, тек оны өткізу процедурасы ғана өзгерді – А. Аймағамбетов

Ұлттық бірыңғай тестілеудің форматы өзгермеді. Тек оны өткізу процедурасы ғана өзгеріп отыр. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Білім және ғылым...

Қазақстандық жасөспірімдердің мансаптық таңдаулары

PISA-2018 сауалнамасында 15 жастағы жасөспірімдер өздерін 30 жаста қандай маман ретінде көретіндерін атап өтті. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Мәліметтерге...

Грант ұтып алу үшін талапкерлер ҰБТ-ны екі рет тапсыра алады

Мемлекеттік білім грантын ұтып алуға ниеттенген үміткерлер Ұлттық бірыңғай тестілеуді екі мәрте тапсыра алады. Мәселен, егер талапкер сәуір айында тестілеуден өткен болса, оның ҰБТ-ны...