2 C
Нур-Султан
13.04.2021

5 аймақтың білім басқармалары оқушылар ноутбугіне бөлінген қаражатты жымқырған

Қашықтан оқыту кезінде балаларды компьютермен қамтамасыз ету үшін бөлінген қаражатты жымқыру фактілеріне қатысты қылмыстық істер тергеліп жатыр. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Бекайдаров айтты, деп хабарлайды egemen.kz.

«Жыл басынан бері Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 650-ге жуық сотқа дейінгі тергеуді тіркеді. 60 лауазым иесі ұсталып, 57 адамға қатысты қамауда ұстау бұлтартпау шарасы қабылданды», — деді Д. Бекайдаров онлайн брифингіде.

Сонымен қатар, ол ҚР Үкіметі резерві есебінен ағымдағы іс-шараларды жүргізу бағдарламасы бойынша компьютер, планшет пен ноутбук сатып алуға 2020 жылы бөлінген бюджет қаржысын жымқыру фактілері бойынша қылмыстық істер тергеліп жатқанын айтты. Осы орайда білім беру басқармасының лауазым иелеріне қатысты еліміздің бес өңірінде 6 қылмыстық іс тергеліп жатыр.

«Қаражат қашықтан оқыту кезінде табысы аз отбасылардың балаларын компьютермен қамтамасыз ету үшін бөлінген болатын. Аталған сотқа дейінгі тергеу мемлекеттік ішкі аудит актілері негізінде тіркелді. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасып жатыр», — деді Данияр Бекайдаров.

 

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

А. Аймағамбетов еліміздің ғалымдарын Ғылым күнімен құттықтады

Бүгін – Қазақстандағы ғылым қызметкерлерінің күні. Күнтізбедегі бұл дата кездейсоқ таңдалмағаны белгілі. 12 сәуір – Ғылым академиясының тұңғыш Президенті, көрнекті ғалым-геолог Қаныш Сәтбаевтың дүниеге келген...

Асхат Аймағамбетов ұстаздарға үндеу жолдады

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн-брифингіде ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов вакцинаға қатысты мұғалімдерге үндеу жасады. «Денсаулық сақтау министрлігінің берген ақпаратына сәйкес, қазіргі...

ҰБТ-ның форматы емес, тек оны өткізу процедурасы ғана өзгерді – А. Аймағамбетов

Ұлттық бірыңғай тестілеудің форматы өзгермеді. Тек оны өткізу процедурасы ғана өзгеріп отыр. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Білім және ғылым...

Қазақстандық жасөспірімдердің мансаптық таңдаулары

PISA-2018 сауалнамасында 15 жастағы жасөспірімдер өздерін 30 жаста қандай маман ретінде көретіндерін атап өтті. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Мәліметтерге...

Грант ұтып алу үшін талапкерлер ҰБТ-ны екі рет тапсыра алады

Мемлекеттік білім грантын ұтып алуға ниеттенген үміткерлер Ұлттық бірыңғай тестілеуді екі мәрте тапсыра алады. Мәселен, егер талапкер сәуір айында тестілеуден өткен болса, оның ҰБТ-ны...