2 C
Нур-Султан
13.04.2021

Асхат Аймағамбетов СҚО оқу орындарында қандай өзгерістер болатынын айтты

Бүгін Үкімет отырысында Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Солтүстік Қазақстан облысындағы оқу орындарында қандай өзгерістер болатынын айтты. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

«Техникалық және кәсіптік білім беру бойынша «Жас маман» жобасы аясында 2021 жылы 9 колледжді жабдықтаймыз. 2025 жылға дейін жастарды кезең-кезеңмен 100%-ға дейін колледждерде ақысыз оқумен қамту жоспарланды. Ол үшін қосымша гранттар беріледі», — деді министр.

Жоғары білім саласына тоқталған министр, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес М. Қозыбаев университетінде Академиялық артықшылық орталығы құралатынын айтты.

«Қаражат инновациялық зертханаларды құруға, білім беру бағдарламаларын жаңартуға, халықаралық ғылыми жобаларға қатысуды қаржыландыруға және басқа да бағыттарға беріледі. Осы бағытта бюджеттен 5 млрд теңге бөліну жоспарлануда. Сонымен бірге университетте республикалық бюджет есебінен 600 орындық екі жатақханана салу үшін 4,3 млрд теңге қарастырылып отыр. Бұған қоса, қолданыстағы үш жатақханада 2,2 млрд теңгеге және бес оқу ғимаратында 2,4 млрд теңгеге күрделі жөндеу жүргізіледі. Осындай жоспарымыз бар. Сонымен осы университет толығымен модернизаиядан өтеді деп айта аламыз», — деді А. Аймағамбетов.

«Назарбаев Университетінің тәжірибесі бойынша екі өңірлік жоғары оқу орнын құру жоспарының аясында Петропавл қаласында осындай университет құрылатын болады. Бұл университет әлемнің үздік университеттерімен бірге жаңа білім беру бағдарламаларын іске асырып, нәтижесінде біз өңірлік зерттеу орталығына ие боламыз. Онда озық зерттеу мен озық білім беру үшін жағдайлар жасалады», — деп нақтылады ведомство басшысы.

Министрлік облыс аумағында жұмысқа тұрған «Серпін» бағдарламасы түлектерінің еңбекпен өтеу мерзімін 2 жылға дейін азайту бойынша өзгерістер енгізуді жоспарлап отыр. Көрші елдердің жоғары оқу орындарынан М. Қозыбаев атындағы университетіне ауысатын студенттерге жыл сайын арнайы 200 білім грантын бөлу мәселесі қарастырылып отыр. Сонымен бірге М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетіне студенттердің келуін ыңталандыру үшін 2000 арнайы грант бөлінеді.

Руслан Ғаббасов

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

А. Аймағамбетов еліміздің ғалымдарын Ғылым күнімен құттықтады

Бүгін – Қазақстандағы ғылым қызметкерлерінің күні. Күнтізбедегі бұл дата кездейсоқ таңдалмағаны белгілі. 12 сәуір – Ғылым академиясының тұңғыш Президенті, көрнекті ғалым-геолог Қаныш Сәтбаевтың дүниеге келген...

Асхат Аймағамбетов ұстаздарға үндеу жолдады

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн-брифингіде ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов вакцинаға қатысты мұғалімдерге үндеу жасады. «Денсаулық сақтау министрлігінің берген ақпаратына сәйкес, қазіргі...

ҰБТ-ның форматы емес, тек оны өткізу процедурасы ғана өзгерді – А. Аймағамбетов

Ұлттық бірыңғай тестілеудің форматы өзгермеді. Тек оны өткізу процедурасы ғана өзгеріп отыр. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Білім және ғылым...

Қазақстандық жасөспірімдердің мансаптық таңдаулары

PISA-2018 сауалнамасында 15 жастағы жасөспірімдер өздерін 30 жаста қандай маман ретінде көретіндерін атап өтті. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Мәліметтерге...

Грант ұтып алу үшін талапкерлер ҰБТ-ны екі рет тапсыра алады

Мемлекеттік білім грантын ұтып алуға ниеттенген үміткерлер Ұлттық бірыңғай тестілеуді екі мәрте тапсыра алады. Мәселен, егер талапкер сәуір айында тестілеуден өткен болса, оның ҰБТ-ны...