2 C
Нур-Султан
11.04.2021

1 сәуірден бастап бірінші сыныпқа қабылдау электронды форматта жүргізіледі

Бірінші сынып оқушыларының құжатын қабылдау 1 сәуірде басталып, 1 тамызға дейін жалғасады. Бұл туралы Орталық коммуникциялар қызметінде өткен IV тоқсандағы оқу форматы туралы брифингіде ҚР Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова айтты.

«1 сәуірден бастап барлық қазақстандық мектепте келесі оқу жылына 1-сыныпқа қабылдау басталады. Баласын бірінші сыныпқа беруді жоспарлаған ата-аналар құжаттарын өткізе беруіне болады. Бірінші сыныпқа қабылдау электронды форматта жүргізіледі. 1-сыныпқа алты жасар және биыл 6-ға толатын балаларды қабылдайды. 2021-2022 оқу жылы 1-сыныпқа 340 мыңнан аса бала қабылдау жоспарланып отыр», — дейді Шолпан Каринова.

Вице-министрдің айтуынша, бірінші сынып оқушыларының құжаттарын қабылдау 1 сәуірде басталып, 1 тамызға дейін жалғасады. Құжаттарды egov.kz арқылы беруге болады.

Қажетті құжаттар: ата-ана өтініші (немесе оларды алмастыратын тұлғалар), баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі, «Бала денсаулығы паспорты» және 3х4 көлеміндегі 2 фото.

 

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Асхат Аймағамбетов ұстаздарға үндеу жолдады

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн-брифингіде ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов вакцинаға қатысты мұғалімдерге үндеу жасады. «Денсаулық сақтау министрлігінің берген ақпаратына сәйкес, қазіргі...

ҰБТ-ның форматы емес, тек оны өткізу процедурасы ғана өзгерді – А. Аймағамбетов

Ұлттық бірыңғай тестілеудің форматы өзгермеді. Тек оны өткізу процедурасы ғана өзгеріп отыр. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Білім және ғылым...

Қазақстандық жасөспірімдердің мансаптық таңдаулары

PISA-2018 сауалнамасында 15 жастағы жасөспірімдер өздерін 30 жаста қандай маман ретінде көретіндерін атап өтті. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Мәліметтерге...

Грант ұтып алу үшін талапкерлер ҰБТ-ны екі рет тапсыра алады

Мемлекеттік білім грантын ұтып алуға ниеттенген үміткерлер Ұлттық бірыңғай тестілеуді екі мәрте тапсыра алады. Мәселен, егер талапкер сәуір айында тестілеуден өткен болса, оның ҰБТ-ны...

Кейбір докторанттар диссертациялық жұмысты жазбай-ақ ғылыми атақты қорғай алатын болады — министр

Диссертациялық кеңестердің жұмысына қатысты нормативтік-құқықтық актілерге тиісті түзетулер енгізілді. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі өзінің facebook парақшасында жазды. Бұл – ғалымдар мен сарапшылардың...