2 C
Нур-Султан
13.04.2021

Асхат Аймағамбетов жас мұғалімнің жұмысын жоғары бағалады

Біз қаласақ та, қаламасақ та, балалардың назарын аулау үшін TikTok, Netflix, Instagram сияқты т.б. платформалармен бәсекеге түсуге тура келеді. Бұл дәстүрлі оқыту әдістерін ұмытып, толықтай жаңа әдіске көшу деген сөз емес. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов өзінің facebook парақшасында жазды.
«Сабақты қызықты өткізіп, оқушылардың назарын өзінде ұстау – әрбір ұстаздың бойынан табылуы тиіс маңызды қабілеттердің бірі.
Бұл оңай емес. Десек те мұғалімдердің көбі оқу материалдарын ұсынудың жаңа тәсілдерін игеруде», — дей келе министр алматылық мұғалім Ұлан Үсеновтің балаларды оқыту барысында пайдаланатын қызықты әдіс-тәсілін ерекше атап өтті.
«Оның әлеуметтік желідегі креативті түрде жүргізген видеосабақтары оқушылар арасында кеңінен танымал болды.
Жас мұғалім химия формулаларын өте қызықты түсіндіреді.
Бұл балалардың ғана емес, тіпті ата-аналардың да химия пәніне деген қызығушылығын тудырды», — деп жазады А. Аймағамбетов.
Министрдің пайымынша, күрделі химиялық реакциялар туралы ақпараттың осындай оңай әдіспен берілуі оқушыларға жаңа тақырыптарды оңай игеріп алуға көмектеседі.
«Мұндай бастама мұғалімнің жеке идеясымен жүзеге асырылып жатқанын ескерсек, ұстаздың атқарып жатқан қызметіне деген құрмет еселене түседі.
Осы бір қарапайым мысал басқа әріптестерімізге жаңа интерактивті технологияларды игеріп, біліктіліктерін одан әрі жетілдіре түсуге септігін тигізеді деп ойлаймын.
Ақпарат кеңістігі дамыған кезеңде геймификация және персонализация сияқты ұғымдар өзекті болып отыр. Мәселен, геймификация бүгінгі таңда оқу процесінің белгілі бір бөлігіне айналуда», — дейді министр.
Асхат Аймағамбетовтің пікірінше, біз қаласақ та, қаламасақ та, балалардың назарын аулау үшін TikTok, Netflix, Instagram сияқты т.б. платформалармен бәсекеге түсуге тура келеді. Бұл дәстүрлі оқыту әдістерін ұмытып, толықтай жаңа әдіске көшу деген сөз емес.
«Бірақ әріптестеріміз үшін жаңа технологиялар мен әдістерді игеруі маңызды екені түсінікті.
Сондықтан жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламаларында, біліктілікті арттыру курстарында міндетті түрде жаңа технологиялар мен киберпедагогиканы оқыту қажеттілігі міндетті түрде ескерілетін болады.
Құрметті әріптестер!
Өз пәніңізді қызықты етіп өткізіп, балалардың назарын аудару үшін жаңа әдіс-тәсілдерді пайдаланудан қорықпаңыздар.
Көріп отырғанымыздай, жаңа форматтағы оқыту тренді қарқынды дамып келеді.
Сондықтан білім беру процесінде заманауи трендтерді пайдалану маңызды», — деп атап өтті Білім және ғылым министрі.

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

А. Аймағамбетов еліміздің ғалымдарын Ғылым күнімен құттықтады

Бүгін – Қазақстандағы ғылым қызметкерлерінің күні. Күнтізбедегі бұл дата кездейсоқ таңдалмағаны белгілі. 12 сәуір – Ғылым академиясының тұңғыш Президенті, көрнекті ғалым-геолог Қаныш Сәтбаевтың дүниеге келген...

Асхат Аймағамбетов ұстаздарға үндеу жолдады

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн-брифингіде ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов вакцинаға қатысты мұғалімдерге үндеу жасады. «Денсаулық сақтау министрлігінің берген ақпаратына сәйкес, қазіргі...

ҰБТ-ның форматы емес, тек оны өткізу процедурасы ғана өзгерді – А. Аймағамбетов

Ұлттық бірыңғай тестілеудің форматы өзгермеді. Тек оны өткізу процедурасы ғана өзгеріп отыр. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Білім және ғылым...

Қазақстандық жасөспірімдердің мансаптық таңдаулары

PISA-2018 сауалнамасында 15 жастағы жасөспірімдер өздерін 30 жаста қандай маман ретінде көретіндерін атап өтті. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Мәліметтерге...

Грант ұтып алу үшін талапкерлер ҰБТ-ны екі рет тапсыра алады

Мемлекеттік білім грантын ұтып алуға ниеттенген үміткерлер Ұлттық бірыңғай тестілеуді екі мәрте тапсыра алады. Мәселен, егер талапкер сәуір айында тестілеуден өткен болса, оның ҰБТ-ны...