6 C
Нур-Султан
13.04.2021

Қазақстанда ғалымдарды әлеуметтік қолдауға арналған құжат қабылданды

Парламент Сенатының жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ғылым мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы екінші оқылымда қабылданды. Бұл туралы ҚР Парламенті Сенатының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып, ҚазАқпарат хабарлады.

Құжат ғылыми, ғылыми-техникалық саладағы заңнаманы жетілдіруге және оның нәтижелерін коммерцияландыруды оңтайландыруға бағытталған.

«Заң жобасын барлық деңгейде толық қарау – енгізілген құқықтық ережелер мен нормалардың негізділігін, бүгінгі күннің қажеттілігіне жауап беретіндігін көрсетті. Атап айтқанда, Бюджет кодексінде ғылыми, ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру бойынша бюджет бағыттары нақтыланды. «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР Кодексінде адам ағзаларын трансплантация жасауға қатысты нормалар жетілдірілді. Заң жобасы бірінші оқылымда қаралғаннан кейін комитет отырысында жан-жақты зерделенді. Қосымша ескертулер мен ұсыныстар келіп түскен жоқ», — деді Сенат депутаты Бақытжан Жұмағұлов.

Осы Заңға қатысты Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев пікір білдірді. «Қабылданған заң ғылым саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға арналған қосымша құқықтық негіздер қалыптастырады. Ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландырудың және барлық ғылыми-зерттеу жұмысын қаржыландырудың ашықтығын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар ұлттық ғылыми кеңестер мен Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығының құзіреттері нақтыланады. Ғылым мен техниканы дамытуға үлес қосқан ғалымдарды әлеуметтік қолдау мен көтермелеу де көзделіп отыр. Осы мақсатпен жыл сайынғы «Үздік ғылыми қызметкер» сыйлығын беру қарастырылған. Жалпы, бұл заң елімізде ғылым саласын дамытуға өзінің үлесін қосады деп сенеміз. Сондай-ақ, заңда мемлекеттік білім беру мекемелерінің бірінші басшыларының ротациясы қарастырылған. Ол Білім және ғылым министрлігі белгілеген тәртіппен жүргізіледі», – деді М. Әшімбаев.

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

А. Аймағамбетов еліміздің ғалымдарын Ғылым күнімен құттықтады

Бүгін – Қазақстандағы ғылым қызметкерлерінің күні. Күнтізбедегі бұл дата кездейсоқ таңдалмағаны белгілі. 12 сәуір – Ғылым академиясының тұңғыш Президенті, көрнекті ғалым-геолог Қаныш Сәтбаевтың дүниеге келген...

Асхат Аймағамбетов ұстаздарға үндеу жолдады

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн-брифингіде ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов вакцинаға қатысты мұғалімдерге үндеу жасады. «Денсаулық сақтау министрлігінің берген ақпаратына сәйкес, қазіргі...

ҰБТ-ның форматы емес, тек оны өткізу процедурасы ғана өзгерді – А. Аймағамбетов

Ұлттық бірыңғай тестілеудің форматы өзгермеді. Тек оны өткізу процедурасы ғана өзгеріп отыр. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Білім және ғылым...

Қазақстандық жасөспірімдердің мансаптық таңдаулары

PISA-2018 сауалнамасында 15 жастағы жасөспірімдер өздерін 30 жаста қандай маман ретінде көретіндерін атап өтті. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Мәліметтерге...

Грант ұтып алу үшін талапкерлер ҰБТ-ны екі рет тапсыра алады

Мемлекеттік білім грантын ұтып алуға ниеттенген үміткерлер Ұлттық бірыңғай тестілеуді екі мәрте тапсыра алады. Мәселен, егер талапкер сәуір айында тестілеуден өткен болса, оның ҰБТ-ны...