2 C
Нур-Султан
13.04.2021

Қазақстан Елшісі Мәскеудегі Бауыржан Момышұлы атындағы мектепте болды

Елші Ермек Көшербаев бастаған Қазақстанның Ресейдегі Елшілігінің делегациясы Мәскеудің Зеленоград әкімшілік ауданындағы Бауыржан Момышұлы атындағы №1912 орта мектепте болды. Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып, ҚазАқпарат хабарлады.

Іс-сапар барыснда дипломаттар мектеп ауласында орнатылған батырдың бюстіне гүл шоқтарын қойып, Б.Момышұлы мен аты аңызға айналған Панфилов дивизиясына арналған мектеп мұражайының көрмесімен танысты.

Мектеп ұжымымен және оқушылармен кездесу барысында Е.Көшербаев қазақ батырының есімін есте сақтағаны үшін ризашылығын білдіріп, бүгінгі бейбіт өмірге қандай қиындықпен келгенімізді ұмытпауға шақырды. Сонымен қатар, жас ұрпақты елдің бостандығы мен тәуелсіздігі үшін жанын қиған ерлердің ерлігі мен адалдық үлгілері бойынша тәрбиелеудің маңыздылығын атап өтті.

Өз кезегінде мектеп директоры Андрей Курсаков қазақстандық әріптестерімен соғыс батырларының есімін мәңгі есте қалдырудағы бірлескен жұмыстары туралы айтып берді. Атап айтқанда, жақында Бауыржан Момышұлының 110 жылдығына орай тәжірибе және материалдар алмасу бойынша онлайн-конференция өтті. Сонымен қатар, мектеп музейінің көрмесін цифрландыру және жыл соңында қазақстандық мектептермен телекөпір ұйымдастырып, Мәскеу үшін болған шайқастың 80 жылдығын атап өту жоспарланып отыр.

8-сынып оқушысы Евгений Воробьевтің айтуынша, мектеп музейіне, Момышұлының өмірі мен қызметі туралы семинарларға тек өз оқушылары ғана емес, сонымен қатар жақын маңдағы мектептердің оқушылары да қатысады, ал өткен жылдың қараша айында Батырдың шайқастарының бағыттары бойынша экскурсия жасалды. «Мен Момышұлының жеке басына тәнтімін, ол көрнекті әскери және қоғам қайраткері болды. Оның әйгілі «Момышұлы спиралы» әскери тактикасына тек кеңес қолбасшысы Константин Рокоссовский ғана емес, сонымен бірге майдандағы қарсылас-неміс генералы Эрих Гепнер де жоғары баға берді», – деді Е.Воробьев.

Мәскеу қаласындағы Зеленоград округіндегі №1912 мектепке Бауыржан Момышұлының есімі 2010 жылы Жеңістің 65 жылдығы мен батырдың 100 жылдығын мерекелеу аясында Қазақстанның Ресейдегі Елшілігінің қолдаухаты бойынша берілді. Дәл осы мектепті таңдау Крюково кентінің маңында 1941 жылы Мәскеуді қорғау кезінде қанды шайқастар болғандығымен байланысты, онда құрамында Бауыржан Момышұлы соғысқан Панфилов дивизиясының жауынгерлері өшпес ерлік жасады. 2010 жылы Қазақстан Елшілігінің көмегімен Б.Момышұлы атындағы мектеп музейі құрылды, оның қола бюсті де осында орнатылды.

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

А. Аймағамбетов еліміздің ғалымдарын Ғылым күнімен құттықтады

Бүгін – Қазақстандағы ғылым қызметкерлерінің күні. Күнтізбедегі бұл дата кездейсоқ таңдалмағаны белгілі. 12 сәуір – Ғылым академиясының тұңғыш Президенті, көрнекті ғалым-геолог Қаныш Сәтбаевтың дүниеге келген...

Асхат Аймағамбетов ұстаздарға үндеу жолдады

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн-брифингіде ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов вакцинаға қатысты мұғалімдерге үндеу жасады. «Денсаулық сақтау министрлігінің берген ақпаратына сәйкес, қазіргі...

ҰБТ-ның форматы емес, тек оны өткізу процедурасы ғана өзгерді – А. Аймағамбетов

Ұлттық бірыңғай тестілеудің форматы өзгермеді. Тек оны өткізу процедурасы ғана өзгеріп отыр. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Білім және ғылым...

Қазақстандық жасөспірімдердің мансаптық таңдаулары

PISA-2018 сауалнамасында 15 жастағы жасөспірімдер өздерін 30 жаста қандай маман ретінде көретіндерін атап өтті. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Мәліметтерге...

Грант ұтып алу үшін талапкерлер ҰБТ-ны екі рет тапсыра алады

Мемлекеттік білім грантын ұтып алуға ниеттенген үміткерлер Ұлттық бірыңғай тестілеуді екі мәрте тапсыра алады. Мәселен, егер талапкер сәуір айында тестілеуден өткен болса, оның ҰБТ-ны...