6 C
Нур-Султан
13.04.2021

А. Аймағамбетов: Енді мемлекеттік білім беру ұйымдарына педагогтерді конкурс арқылы қабылдау енгізіледі

Сенат депутаттары бірнеше маңызды жаңа нормаларды қамтитын заң жобасын қарастырып, мақұлдады. Ол құжатта, менің ойымша, сала мамандары үшін аса маңызды болып табылатын екі ерекше норма бар. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов өзінің facebook парақшасында жазды.

Министрдің мәліметінше, олардың БІРІНШІСІ ПЕДАГОГТЕРГЕ ҚАТЫСТЫ.

«Енді мемлекеттік білім беру ұйымдарына педагогтерді конкурс арқылы қабылдау енгізіледі. Яғни мұғалімді жұмысқа қабылдауға қатысты шешім тек директорларға тәуелді болмайды.

Қазіргі таңда педагогтерді жұмысқа қабылдау бойынша қолданыстағы жүйе ашықтық қағидаттарына толығымен сай деп айтуға келмейді, сәйкесінше сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол берілуі мүмкін.

Мәселен, кейбір өңірлерде бір пән бойынша бір ставканы төрт мұғалімге бөліп береді. Бұл өз кезегінде білім беру сапасына кері әсер етеді», — деп жазады А. Аймағамбетов.

Оның жазуынша, мұндай фактілердің алдын алу үшін педагогтерді жұмысқа конкурс арқылы іріктеп, барлығына түсінікті әрі ортақ ереже бойынша қабылдау көзделді.

«Ережеде конкурстық іріктеудің нақты қағидалары бекітіледі. Бұл жұмыс цифрлық технологиялардың көмегімен автоматтандырылады.

Сәйкесінше педагогті жұмысқа қабылдау туралы шешімді бір ғана адам емес, көпшілік қабылдайтын болады. Педагогтердің кәсібилігіне және барлық талапқа сай болуына ден қойылады», — деп атап өтті Білім және ғылым министрі.

ЕКІНШІ НОРМА БАСШЫЛАРҒА ҚАТЫСТЫ.

«Енді мемлекеттік білім беру ұйымдарының басшыларын ротациялау енгізіледі.

Ротациялау институты мемлекеттік қызметте, бизнес құрылымдарында және басқа да бағыттарда енгізілген. Алайда білім беру саласында ротациялау тәртібін қолдану мүмкін болмады. Тіпті мемлекеттік ұйымдардағы басшылардың басым денімен мерзімсіз еңбек шарты жасалған, сәйкесінше көбі лауазымдық қызметті жылдар бойы атқарады», — дейді Асхат Аймағамбетов.

Дегенмен министрдің пайымынша, олардың арасында ұйымдағы жұмысты жақсарту үшін бар күшін, ынта-жігерін салып еңбек етіп жатқан білікті басшылардың да бар екені жасырын емес. Тек жылдар бойы бір орында жұмыс істесе де, тиімділігін жоғалтпағандар санаулы.

Кейбір жағдайларда жұмысқа деген ынтаның төмендеуі, мотивацияның жоғалуы немесе сол ұйымдағы басқа мамандардың да қызметтік өсуге деген ниеті болуы – заңды ұғым.

«Яғни басшылардың жылдар бойы бір лауазымда отыруының өз артықшылықтары да бар, кемшіліктері де көрініс тауып жатады.

Жалпы басшыларды орындарымен ауыстыру үздік тәжірибені басқа да ұйымдарға енгізуге ықпал етеді.

Әрине, бұл тұрғыда ротациялаудың нақты тәртібі бекітіледі.

Ротацияны министрлік әзірлеген қағидалар бойынша білім басқармалары жүргізетін болады», — деп атап өтті министр Асхат Аймағамбетов.

 

-ЖАРНАМА-

19 КОММЕНТАРИИ

    • Мектеп басшыларының көбі әкесінен қалған тақтай, тек қорқытып, үркітіп жүруді ғана біледі. Бір орында отыра бермегені дұрыс!

  1. Дұрыс. Мұғалімдерді жұмысқа қабылдау аттестациядан өту кезіндегідей тест болуы керек. Орталықтандырылған. Мектепке келген мамандардың деңгейін көріп отырмыз, қарның ашады. Келген жас маманға диплом берген ЖОО да жауапты болуы керек. Сапасыз маманға диплом бергені сұраусыз қалып жатыр. Дипломы бар маман, мұғалім бола алады, білімі-біліктілігі жетеді деп диплом бергесін, жауап беруі керек деп ойлаймын

  2. Өте дұрыс шешім. Бір жерде отыра берген басшы өз қарамағына өз адамдарын жинап сыбайластық жасап, өз командасын құрайды. Өз адамдарын ғана көреді. Басқалары көзге ілікпейді де. Сосын бір басшыдан адам шаршайды.

  3. Өте дұрыс шешім ештеңеден хабары жоқ дипломы сатып алынған неше түрлі мамандар келеді. Басшылар көздерін жұмып ала береді. Себебі басшысына ақша алған мұғалімгеде ақша керек. Сапалы білімді ешкім ойламайды. Басшылықты да қарастырғаны дұрыс. Әкесінен қалған мұрадай жайғасып алып мұғалімдердің қанын ішіп. Дұрыс ұйымдастыру ды білмесе олда қиын. Жыладап ио болып отыруды да қарастырса екен министіріміз.

  4. Өте дұрыс шешім. Бір орында пенсияға шыққанша, одан пенсияға шығып алып, 10жылдап директор қызметінде отырғандар көп. Одан басқа адамдар жоқ сияқты. Адам шаршайды бір адамның өзгермегенінен, жастар келіп, жаңа леп әкелуі керек қой.
    Сонымен бірге орыс мектептеріне қазақтан директор болса, орыс мұғалімдерінің қазақ тіліне, жалпы қазаққа деген көзқарасы өзгерер еді. егер директор орыс болса, ондай жерде бір де бір қазақ завуч болмайды, қазақ тілінің завучынан басқа. Орыс мектептеріне жәйлап қазақ сыныптарын кіргізуді қолға алу керек.

  5. Дұрыс шешім. Мектеп басшыларының атқарған жұмыстарын тексерістен өткізіп отыру керек. Басшының алдына қойған мақсаты болу керек.
    Директорлар өздерінің таныс тамырларын ғана жұмысқа алып алады да олардан ештеме талап ете алмай жүреді. Сондықтан мектептерде білім қайдан болады. Мектептің директоры отағасы болса, оның әйелі мұғалім түгілі еден жуушы болмау керек.

  6. Молодец Наш министр , преклоняюсь его умом.От 1000000-500 тысяч тенге ставка. Я хочу и Желаю , Своим детям Ум, Везение и Удачи как у нашего Министра Асхата Аймагамбетова.

  7. Әрине,дұрыс шешім.Тек осының өзі жемқолықтың өршуіне ықпал етпесе екен.Әр азамат ұрпақ тәрбиелеуде жауапкершілік танытып, өзіне өзі есеп берсе екен. Жемқолықтың алдын алып,көзін жойса екен.Ұрпағымыз осындай індеттен сақ болса екен. Министріміз аман болып, осы жоспарын жүзеге асырса екен

  8. Кайсы шешим шыгарсада мекеме басшылары багынады деп ойлаймын Але каншама ауыл жерлер каншама устаздар киналуда категория да алалмай осы категория алалмагандарга чат ашыпи Шолпан Каримовойды тиркеп койсакта жауапта берилмейди , каншама сурактар шешилмейди,басшылардын зардабын тартып жатыр ,соны билип те жаткан жоккой ,Булда айтылды бирак Зан аясынан орындалмай ды айтады,кояды осы категория санатын алалмай калган кезендей болады кояды,

  9. Ол тек мектеп гана емес ЖОО да отырган 3 жылдан артык отырган декан,кафедра менгерушілерін де орындарынан алып тастау керек. Кол астындагылардан взятка алады. Магистрлердин дипломдарын жазып сатады. 3 жылдан кем емес болу кереу жастарга орын беру керек.

  10. Өте дұрыс. Сонда ғана білім сапасы да анықталады. Әрі сыбайлас жемқорлыққа да жол берілмейді. Қолдаймын.

  11. Дұрыс шешім мұғалімдер жұмысқа конкурс арқылы қабылдау. Қазіргі деңгейлікке тапсырған секілді болса керемет болады ашық әрі айқын.

  12. Ең биринши сайланатын басшы, мугалим тағы баска истерде, сол жергиликти халыктын шешим усынысы жоғары туруы керек! Жағдайды Толык билип сезинетин сол жергиликти халык сондыктан биринши соған көнил бөлину керек!

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

А. Аймағамбетов еліміздің ғалымдарын Ғылым күнімен құттықтады

Бүгін – Қазақстандағы ғылым қызметкерлерінің күні. Күнтізбедегі бұл дата кездейсоқ таңдалмағаны белгілі. 12 сәуір – Ғылым академиясының тұңғыш Президенті, көрнекті ғалым-геолог Қаныш Сәтбаевтың дүниеге келген...

Асхат Аймағамбетов ұстаздарға үндеу жолдады

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн-брифингіде ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов вакцинаға қатысты мұғалімдерге үндеу жасады. «Денсаулық сақтау министрлігінің берген ақпаратына сәйкес, қазіргі...

ҰБТ-ның форматы емес, тек оны өткізу процедурасы ғана өзгерді – А. Аймағамбетов

Ұлттық бірыңғай тестілеудің форматы өзгермеді. Тек оны өткізу процедурасы ғана өзгеріп отыр. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Білім және ғылым...

Қазақстандық жасөспірімдердің мансаптық таңдаулары

PISA-2018 сауалнамасында 15 жастағы жасөспірімдер өздерін 30 жаста қандай маман ретінде көретіндерін атап өтті. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Мәліметтерге...

Грант ұтып алу үшін талапкерлер ҰБТ-ны екі рет тапсыра алады

Мемлекеттік білім грантын ұтып алуға ниеттенген үміткерлер Ұлттық бірыңғай тестілеуді екі мәрте тапсыра алады. Мәселен, егер талапкер сәуір айында тестілеуден өткен болса, оның ҰБТ-ны...