2 C
Нур-Султан
13.04.2021

Білім беру процесі алдымен аралас, сосын дәстүрлі оқу режиміне көшеді — вице-министр

Жоғары оқу орны студенттері дәстүрлі оқу режиміне қашан көшетіні ҚР Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесе отырып шешіледі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрайымы Гүлзат Көбенова айтты.

«Студенттердің қашан дәстүрлі оқу режімінде оқитынын құзіретті органдар шешеді. Бәрі де эпидемиологиялық жағдайға байланысты. Ал өз атымнан айтар болсам, Білім және ғылым министрлігі де, жоғары оқу орындары да дәстүрлі режімде оқуға дайын», — деп атап өтті Г. Көбенова.

Ал Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринованың айтуынша, оқушылар мен студенттер алдымен аралас, одан кейін дәстүрлі оқу режиміне көшеді.

«Мұндай жағдай еліміз бойынша да, әлем бойынша да бірінші рет орын алып отырғанына келісетін шығарсыздар. Сондықтан дәстүрлі режимде оқыту туралы шешім кезең-кезеңімен жүзеге асады. Әзірге тек 1-5 сынып оқушылары ғана аралас режимде оқитыны сияқты, барлық мекемеде де осылай кезең-кезеңімен шешім қабылданады. Біз бұл мәселені ҚР Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесе отырып шешеміз. Бұған қатысты нақты ереже жоқ, бәрі еліміздегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты болмақ», — деді Ш. Каринова

 

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

А. Аймағамбетов еліміздің ғалымдарын Ғылым күнімен құттықтады

Бүгін – Қазақстандағы ғылым қызметкерлерінің күні. Күнтізбедегі бұл дата кездейсоқ таңдалмағаны белгілі. 12 сәуір – Ғылым академиясының тұңғыш Президенті, көрнекті ғалым-геолог Қаныш Сәтбаевтың дүниеге келген...

Асхат Аймағамбетов ұстаздарға үндеу жолдады

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн-брифингіде ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов вакцинаға қатысты мұғалімдерге үндеу жасады. «Денсаулық сақтау министрлігінің берген ақпаратына сәйкес, қазіргі...

ҰБТ-ның форматы емес, тек оны өткізу процедурасы ғана өзгерді – А. Аймағамбетов

Ұлттық бірыңғай тестілеудің форматы өзгермеді. Тек оны өткізу процедурасы ғана өзгеріп отыр. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Білім және ғылым...

Қазақстандық жасөспірімдердің мансаптық таңдаулары

PISA-2018 сауалнамасында 15 жастағы жасөспірімдер өздерін 30 жаста қандай маман ретінде көретіндерін атап өтті. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Мәліметтерге...

Грант ұтып алу үшін талапкерлер ҰБТ-ны екі рет тапсыра алады

Мемлекеттік білім грантын ұтып алуға ниеттенген үміткерлер Ұлттық бірыңғай тестілеуді екі мәрте тапсыра алады. Мәселен, егер талапкер сәуір айында тестілеуден өткен болса, оның ҰБТ-ны...