2 C
Нур-Султан
13.04.2021

Дәстүрлі форматпен оқытуға көшкен мектепте ортақ үзіліске қоңырау соғылмайды

Бүгін 1 және 5-сынып оқушылары мектепте оқуды бастады. Ұзақ үзілістен кейін мектеп партасына отыру оқушылар мен ұстаздар үшін қуанышты жағдай екені рас. Бұл жолы оқу ордасына бару-бармауға ата-аналар таңдау жасай алмайды. Бұл туралы 24.kz хабарлады.

«Санитарлық-эпидемиологиялық жағдайдың жақсаруына байланысты жалпы білім беретін мектептердің 1-5 және халықаралық мектептердің 1-7 сынып білім алушыларын аралас форматта оқытуға рұқсат етілді. Бүгін оқу ордалары білім алушылар үшін есіктерін айқара ашты. Әрине санитарлық нормаларды сақтау маңызды. Мектепке кіреберісті оқушылардың дене қызуы өлшенеді. Сынып ішінде оқушылар міндетті түрде маскамен отыру керек», — делінген хабарламада.

Нұр-Сұлтан қаласындағы Әлихан Бөкейхан атындағы №76 мектеп-лицейінің директоры Сапура Төлекованың айтуынша, бір сыныпта 15 баладан ғана отырады. Яғни бір класс екіге бөлініп оқиды. Ортақ қоңырау соғылмайды.

«Әр сынып оқушылары әртүрлі уақытта келіп кетеді. Оқушыларға мектепке міндетті мектеп формасында емес, еркін, ұқыпты және жинақы киімде болуға рұқсат етіледі. Ата-аналарға мектеп формасын сатып алудың қажеті жоқ. Сондай-ақ мектеп асханасы адам шоғыры болмас үшін әзірге жұмыс істемейді», — дейді С. Төлекова.

Сонымен қатар, 24.kz сайтының хабарлауынша, мектептер осы оқу жылында қолданыстағы оқу жоспарларын басшылыққа алады. Білім және ғылым министрлігі Көркем еңбек пен музыка пәндерін 1-5 сыныптарда қашықтан оқыту форматында қалдыруды, қалған пәндерді штаттық форматқа көшіруді ұсынған. Оқушы ауырғанда немесе науқастармен қарым-қатынас болған жағдайда ата-аналардың өтініші бойынша балаларды қашықтан оқыту форматында қалдыруға рұқсат етіледі.

 

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

А. Аймағамбетов еліміздің ғалымдарын Ғылым күнімен құттықтады

Бүгін – Қазақстандағы ғылым қызметкерлерінің күні. Күнтізбедегі бұл дата кездейсоқ таңдалмағаны белгілі. 12 сәуір – Ғылым академиясының тұңғыш Президенті, көрнекті ғалым-геолог Қаныш Сәтбаевтың дүниеге келген...

Асхат Аймағамбетов ұстаздарға үндеу жолдады

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн-брифингіде ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов вакцинаға қатысты мұғалімдерге үндеу жасады. «Денсаулық сақтау министрлігінің берген ақпаратына сәйкес, қазіргі...

ҰБТ-ның форматы емес, тек оны өткізу процедурасы ғана өзгерді – А. Аймағамбетов

Ұлттық бірыңғай тестілеудің форматы өзгермеді. Тек оны өткізу процедурасы ғана өзгеріп отыр. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Білім және ғылым...

Қазақстандық жасөспірімдердің мансаптық таңдаулары

PISA-2018 сауалнамасында 15 жастағы жасөспірімдер өздерін 30 жаста қандай маман ретінде көретіндерін атап өтті. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Мәліметтерге...

Грант ұтып алу үшін талапкерлер ҰБТ-ны екі рет тапсыра алады

Мемлекеттік білім грантын ұтып алуға ниеттенген үміткерлер Ұлттық бірыңғай тестілеуді екі мәрте тапсыра алады. Мәселен, егер талапкер сәуір айында тестілеуден өткен болса, оның ҰБТ-ны...