2 C
Нур-Султан
13.04.2021

Вице-министр сапасыз ЖОО-лардың қандай қитұрқы әрекеттер жасайтынын нақты атады

Білім және ғылым вице-министрі Мирас Дәуленов өзінің facebook.com парақшасында кейбір жоғары оқу орындарының тексерістен өту үшін қандай амалдарға баратынын егжей-тегжейлі жазды.

***

Алдыңғы жазбада біз неге жоғары оқу орындарын лицензиядан айыратынымыз туралы жазған болатынбыз.

Ол жазбаны көптеген адамдар қолдады, оларға рақмет айтамын.

Қоғам жоғары білім берудегі өзгерістерге, оның ішінде сапасыз білім беретін жоғары оқу орындарының жабылуына нақты әрі негізді сауал қалыптастырғанын байқауға болады.

Алдыңғы жазбада мен тек жоғары оқу орындары тарапынан жіберілген ең өрескел бұзушылықтардың ғана бетін ашқан болатынмын.

Бүгін мен кейбір жоғары оқу орындарының тек бір мақсат — тексеруден өту үшін қандай амалдарға баратынын көрсеткім келеді.

Бұл ретте тағы да атап өтемін, сөз тек бүгінде басым көпшілігі сапалы білім беруге тырысатын оқу орындарының шағын тобы туралы болмақ.

 

БІРІНШІ. Тексеру алдында студенттерді, оның ішінде шетелдік студенттерді жаппай оқудан шығару.

Ал тексеруден кейін барлық студенттер аман-есен оқуға қайта қабылданады, тек олар оқудан шығарылғанын білмейді.

Жоғары оқу орнының 1 күнде 800-1000 студентті бірден оқудан шығарғаны туралы мысалдар бар.

Бұл оқытушылар саны аз болса да студенттердің шағын контингентін оқытуға жеткілікті екенін немесе әдебиеттер, жабдықтар санының аздығы сол студенттер саны үшін жететінін көрсету үшін жасалады.

Кейбір жоғары оқу орындарында студенттердің жаппай көші-қоны шарықтау шегіне жеткен.

Бірінші курсқа 200 студент қабылданады, ал 900-і бітіреді.

Кейбір жоғары оқу орындарында бітірушілердің өсімі 400, 500 және тіпті 950%-ды құрайды.

Себептері әртүрлі. Көбінесе олар мықты жоғары оқу орындарынан нашар үлгерімі, академиялық адалдық қағидаларын бұзғаны үшін оқудан шығарылған студенттер.

 

ЕКІНШІ. Жоғары оқу орындарының шетелдік жоғары оқу орындары берген-мыс жалған білім туралы құжаттарды қабылдау фактілері бар.

Біз жүргізген тексерулер ауыстырылған студенттер ешқашан шетелдік жоғары оқу орындарында оқымағанын, ал «дипломдардың» өзінде жоғары оқу орындарының, тіпті шет елдердің министрліктерінің атауында өрескел қателер бар екенін көрсетті.

Ең өкініштісі, жалған құжаттар негізінде қабылданған студенттер одан әрі басқа қазақстандық жоғары оқу орындарына ауысқан кезде осылайша «заңдастырылады», өйткені жоғары оқу орнынан жоғары оқу орнына транскрипт негізінде ауыстырылады.

 

ҮШІНШІ. Тексеру кезінде жұмысқа орналасу деңгейінің жоғары екенін көрсету үшін жоғары оқу орындары БЖЗҚ-ға түлектер үшін ең төменгі төлем жасайтын жағдайлар жиі кездеседі.

 

ТӨРТІНШІ. Басқа жоғары оқу орындарының штаттағы оқытушылары болып табылатын оқытушылардың құжаттарын ұсыну.

Оқытушылардың өздерінің басқа жоғары оқу орнында тіркелгендігін білмейтіндігі туралы да мысалдар бар.

Яғни, тексеруден бұрын ұйым басшысы жұмысқа қабылдау туралы, ал тексеруден кейін жұмыстан босату туралы бұйрық шығарады.

Мұны біз жоғары оқу орындарына жүргізілген жан-жақты тексерулерден көреміз.

Яғни, іс жүзінде онда қажетті мамандар жоқ, бірақ тексеруден өту үшін олар жұмысқа қабылданады, тексеруден кейін олар жұмыстан шығарылады.

 

БЕСІНШІ. Тексеру алдында кітапхана қорын толықтыру.

Жоғары оқу орындары студенттерді заманауи әдебиеттермен қамтамасыз етуі тиіс.

Бірақ, кейбір оқу орындары олай деп ойламайды. Олар үшін ең бастысы — тексеруден өту.

Сондықтан олар тексеру кезеңінде оқулықтарды басқа жоғары оқу орындарынан «қарызға алады», бірақ оларды теңгерімге қабылдауға үлгермейді.

Оқулықтарда басқа жоғары оқу орындарының мөрлері тұрады.

 

АЛТЫНШЫ. Білім беру бағдарламаларын, силлабустарды талдау, әдетте, бүкіл құпияның бетін ашады.

Бұл мәселеге мен жеке жазба арнаймын.

Сөзіме тұздық болу үшін мынадай мысалды атап өтемін: ұсынылған әдебиеттер, мысалы, құқықтық пәндер тізімінде 10 жыл бұрын күшін жойған нормативтік құқықтық актілер көрсетіледі, оқу нәтижелерінде «Банктер мен банк қызметі туралы федералды заңды білу» деген де жазулар бар.

Енді осы жоғары оқу орындары қандай заңгерлерді шығаратыны туралы ойланып көріңіз және сіз өз тағдырыңызды шетелдік заңнаманы біліп, ол да күмәнді, өзіміздің заңнамадан хабарсыз заңгерлерге сеніп тапсыра аласыз ба?!

Білім сапасын жоғары оқу орындарын жауып қана арттыруға болмайды.

Бұл сондай-ақ басты мақсат емес.

Өкінішке орай, біз осындай түбегейлі шаралар қабылдауға мәжбүрміз.

Біз үшін басқа да жүйелі іс-шаралар басымдық болып табылады.

Сондықтан біз НҚА өзгерту, білім беру қызметін жүргізу үшін жағдайларды жақсарту және академиялық дербестікті кеңейту бойынша жұмыс жүргіземіз.

Біз әріптестеріміздің пікіріне құлақ асамыз әрі олармен тығыз жұмыс істейміз.

Көбінесе біз олардан көптеген жақсы ұсыныстар мен идеялар аламыз.

Сайып келгенде, біздің міндетіміз бір — ол жоғары білікті кадрлар даярлау.

Айтпақшы, талаптарды мықтап күшейту туралы қалыптасқан пікірге қарамастан, өткен жылы заңнаманы ырықтандыруға бағытталған өте көп өзгерістер енгізілді.

Үш корпустың болуы туралы талап алынып тасталды, штаттық қызметкерлерге, ғылыми дәрежелілікке, жоғары оқу орындарындағы студенттердің міндетті санына қойылатын талаптар және т.б. айтарлықтай төмендеді.

Бұдан кейін де мұндай шаралар жалғасатын болады.

Көптеген өзгерістер жоғары оқу орындарының ұсыныстары негізінде жасалды.

Біз жоғары білім сапасын арттыру жұмысын жалғастырамыз.

 

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

А. Аймағамбетов еліміздің ғалымдарын Ғылым күнімен құттықтады

Бүгін – Қазақстандағы ғылым қызметкерлерінің күні. Күнтізбедегі бұл дата кездейсоқ таңдалмағаны белгілі. 12 сәуір – Ғылым академиясының тұңғыш Президенті, көрнекті ғалым-геолог Қаныш Сәтбаевтың дүниеге келген...

Асхат Аймағамбетов ұстаздарға үндеу жолдады

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн-брифингіде ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов вакцинаға қатысты мұғалімдерге үндеу жасады. «Денсаулық сақтау министрлігінің берген ақпаратына сәйкес, қазіргі...

ҰБТ-ның форматы емес, тек оны өткізу процедурасы ғана өзгерді – А. Аймағамбетов

Ұлттық бірыңғай тестілеудің форматы өзгермеді. Тек оны өткізу процедурасы ғана өзгеріп отыр. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Білім және ғылым...

Қазақстандық жасөспірімдердің мансаптық таңдаулары

PISA-2018 сауалнамасында 15 жастағы жасөспірімдер өздерін 30 жаста қандай маман ретінде көретіндерін атап өтті. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Мәліметтерге...

Грант ұтып алу үшін талапкерлер ҰБТ-ны екі рет тапсыра алады

Мемлекеттік білім грантын ұтып алуға ниеттенген үміткерлер Ұлттық бірыңғай тестілеуді екі мәрте тапсыра алады. Мәселен, егер талапкер сәуір айында тестілеуден өткен болса, оның ҰБТ-ны...