2020 жылы Ұлттық біліктілік тестілеуі кезінде Ережені бұзған 1202 мұғалім анықталса, 2021 жылдың 19 күнінде ғана бұл көрсеткіш 349-ға дейін өскен.
Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығының директоры Дидар Смағұлов өзінің Facebook парақшасында мәлім етті.
Оның жазуынша, бұрын Ұлттық біліктілік тестілеуі кезінде педагогтердің емтиханға тыйым салынған заттар, яғни шпаргалкалар алып кірген-кірмегені еш тексерілмеген.
«Біз қадірлі педагогтерімізге асқан құрметпен қарап, олардың жұмысын бағалаймыз.
Міне, сондықтан да Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің тапсырмасы негізінде Ұлттық біліктілік тестілеудің қатысушыларында тыйым салынған заттардың (смартфондардың, шпаргалкалардың және басқа да құрылғылардың) бар-жоғы тексерілмейтін.
Өкінішке орай, кейбір әріптестеріміз біздің көрсеткен құрметімізді әлсіздікке теңеп, тыйым салынған заттарды жаппай қолдана бастады», — деп жазды Д. Смағұлов өз жазбасында.
Орталық директорының мәліметі бойынша, 2020 жылы Ережені бұзған 1202 мұғалім анықталса, 2021 жылдың 19 күнінде ғана бұл көрсеткіш 349-ға дейін өскен.
«Сонымен қатар, микроқұлаққаптар мен микрофондарды қолданудың жаппай фактілері анықталды, негізінен олардың таралымы шектеулі және пайдалануы үшін қылмыстық бап қарастырылған!» — деп естертеді Д. Смағұлов.
Сонымен қатар, орталық басшасы кеше өткен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің аппараттық жиналысында аталмыш фактілерді ескеріп, Ұлттық біліктілік тестілеуді тапсыру кезінде мұғалімдерді тексеруді енгізу қажеттігін күн тәртібіне қойғанын да жеткізді.
kazbilim.kz