-7 C
Нур-Султан
28.02.2021

Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығын ЮНЕСКО шеңберінде атап өту керек — сенатор

Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығын ЮНЕСКО шеңберінде атап өту керек. Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Сенатында өткен отырыста сенатор Алтынбек Нұқұлы бір топ депутаттардың атынан Премьер-министрге жолдаған сауалында айтты.

«Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығын ЮНЕСКО шеңберінде 2022 жылы 5 қыркүйекте атап өту үшін Үкімет арнайы хат дайындап, тиісті органдарға жіберуі керек.

Сондай-ақ, рухани көсемнің тұлғасын айшықтау үшін  елордадағы Ахмет Байтұрсынұлы көшесінде ескерткіш орнату қажет.

Мұндай ескерткіштер өзі қызмет еткен Қызылорда, Семей, Алматы қалаларында орын алу керек.

Сондай-ақ, Қостанай облысы әкімдігіне қазіргі Ахмет Байтұрсынов атындағы ауылға баратын жолды жөндеуге, сондай-ақ ұлы ойшылдың әкесі Байтұрсын мен ағасы Қали жерленген бейітке кесене тұрғызуға, мұражай үйге жөндеу жүргізуге нақты тапсырмалар беру керек.

Төртіншіден, Алаш ардақтысы туралы деректі фильмдерді толықтырып, жаңарту және ұлт ұстазына арнап көркем фильм түсіру қажет.

Бесіншіден, ахметтану саласында Ахаңның көпқырлы еңбектерін шетелдік мұрағаттардан жинап, жаңадан көптомдығын шығару және халықаралық ғылыми-практикалық конференциялар арқылы ғұламаның ғұмыры мен шығармашылығын кеңінен насихаттауды қолға алу керек, — деді Алтынбек Нұқұлы.

kazbilim.kz

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Вице-министр сапасыз ЖОО-лардың қандай қитұрқы әрекеттер жасайтынын нақты атады

Білім және ғылым вице-министрі Мирас Дәуленов өзінің facebook.com парақшасында кейбір жоғары оқу орындарының тексерістен өту үшін қандай амалдарға баратынын егжей-тегжейлі жазды. *** Алдыңғы жазбада біз неге...

Ұлттық біліктілік тестілеуі кезінде педагогтердің өзі «шпаргалка» қолдануды әдетке айналдырған – Д. Смағұлов

2020 жылы  Ұлттық біліктілік тестілеуі кезінде Ережені бұзған 1202 мұғалім анықталса, 2021 жылдың 19 күнінде ғана бұл көрсеткіш 349-ға дейін өскен. Бұл туралы Ұлттық тестілеу...

Қайырымды істер марафонына елорда студенттері қосылды

Қайырымды істер марафонына Нұр-Сұлтан студенттері қосылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің жастары астанадағы қарттар үйінің ауласын тазартып, қайырымды істер бастамасына қосылды. Ел Тәуелсіздігінің...

Вице-министр сапасыз ЖОО-лардың барлық былығын әшкере етті  

Білім сапасын қамтамасыз ете алмаса да, дипломдарды оңды-солды беріп жатқан жоғары оқу орындарының жабылуы – елдің және Қазақстанда өмір сүретін әрбір азаматтың қауіпсіздігіне тікелей...

Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығын ЮНЕСКО шеңберінде атап өту керек — сенатор

Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығын ЮНЕСКО шеңберінде атап өту керек. Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Сенатында өткен отырыста сенатор Алтынбек Нұқұлы бір топ депутаттардың атынан...