-7 C
Нур-Султан
28.02.2021

Аятжан Ахметжанұлы: Мақсатым – қазақы исі аңқыған ұлттық мектеп қалыптастыру

Химия ғылымдары бойынша PhD докторант, ұстаз Аятжан Ахметжанұлы Нұр-Сұлтан қаласында №90 мектеп-гимназияның директоры болып бекітілді. Бұл туралы qamshy.kz порталы жазды. 
Бұл мектепті ардақты ұстаз, қайымтанушы, абайтанушы Ербол Іргебай басқарған еді. Ол ұлттық мектеп қалыптастыруда Алаш қайраткерлерін үлгі тұтқан ұстаз болатын.
Бұған дейін Аятжан Ахметжанұлы №51 мектеп-гимназияның директоры қызметін атқарған. Еңбек жолын «Зерде» мамандандырылған мектебінде химия пәнінің мұғалімі болудан бастап, «Қазбілім» республикалық орталығының негізін қалады. Ол жерде 5 жыл жетекшілік етті.

– №90 мектеп-гимназиясы қыркүйек айының басында ашылған. Ербол Іргебай мектепті 5 айға жуық басқарып, өкінішке қарай, өмірден озды. Ол өзі абайтанушы, алаштанушы еді. Мақсаты – ұлттық бағытта жұмыс істеу болатын. Сол ісін соңына дейін жеткіземіз деп ойлаймын. Мектепте ұйымдастырылған көптеген шаралары аяқсыз қалмайды, – дейді Аятжан Ахметжанұлы.

Оның айтуынша, мектеп-гимназияда Ербол Іргебай атындағы кабинет ашылады деп жоспарланып отыр.

– Мектеп бастапқыда «ұлттық гимназия» деп ашылған. «Ұлттық гимназия» деген атаудың өзі үлкен міндет. Қазір білім ордасының бағыт-бағдарымен танысу жұмыстарын жүргізіп жатырмын. Енді мектептің абыройын жетілдіру үшін жүйелі жоспар құрамыз, – дейді ұстаз.

Ахметжанұлы ұлттық мектептің мақсаты – Алаштың заманауи мектебін қалыптастыру екенін атап өтті.

– Ұлттық мектептің мақсаты – Алаш арыстары негізін салып кеткен ұлттық педагогиканы қалыптастыру. Кешегі Ахметтің, Мағжанның идеяларын бүгінгі ұрпақтың санасына, тәрбиесіне, біліміне пайдалану. Сол бағытта Алаштың бүгінгі заманауи мектебін қалыптастыру.

Ұлттық мектептің жалпы бағдарламасы – біреу, мемлекеттік стандарт – біреу. Бірақ ұлттық мектепте әр дүниеге ұлттық реңк беруге болады. Қосымша ұлттық ойындар, ұлттық тәлім-тәрбиеге негізделген сабақтар өткізу, мектептегі әрбір іс-шараға ұлттық көзқараспен қарау мәселесі қарастырылады.

Әлемде фин мектебі, жапон мектебі, ағылшын мектебі деген ұғымдар бар. Ал неге қазақ оқу-ағартуынан осындай ұлттық мектеп жасауға болмайды?! Әрине, болады. Ол бір ерекше пәнді кіргізумен емес, мектептегі әр мәселеге ұлттық көзқараспен қараумен шешіледі.

Нұр-Сұлтан қаласындағы №51 мектепті 5 айдан аса басқардым. Оған Мұстафа Шоқайдың атын беру үшін жұмыс істедім. Енді жаңа барған директор сол істі аяғына дейін апарады деп сенемін, – дейді ол.

Ол жаңа мектепте де өз бағытынан, ұстанымынан айнымай, ұлттық білім беру негізінде жұмыс істейтінін жеткізді.

– Мақсатым – қазақы исі аңқыған таза ұлттық бағыттағы мектеп қалыптастыру. Сол бағыттан ешқашан айнымаймын. Білімі, тәрбиесі қазақы, әрі заманауи мектеп жасап шығарамыз, – деп сөзін аяқтады ұстаз.

Аятжан Ахметжан 1986 жылы 18 шілдеде Қытай халық республикасы, Шыңжай-ұйғыр автономиялық ауданы, Мұңғұлкүре ауданында дүниеге келген.

2006 жылы Қазақстанға оралды.

2007-2011 жылдары Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті жаратылыстану ғылымдары факультетінде химия мамандығы бойынша оқыды.

2013-2015 жылдары химия ғылымдарының магистрі дәрежесін алды.

Химия ғылымдары бойынша PhD докторант.

 

Авторы: Құндызай Өтеген

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Вице-министр сапасыз ЖОО-лардың қандай қитұрқы әрекеттер жасайтынын нақты атады

Білім және ғылым вице-министрі Мирас Дәуленов өзінің facebook.com парақшасында кейбір жоғары оқу орындарының тексерістен өту үшін қандай амалдарға баратынын егжей-тегжейлі жазды. *** Алдыңғы жазбада біз неге...

Ұлттық біліктілік тестілеуі кезінде педагогтердің өзі «шпаргалка» қолдануды әдетке айналдырған – Д. Смағұлов

2020 жылы  Ұлттық біліктілік тестілеуі кезінде Ережені бұзған 1202 мұғалім анықталса, 2021 жылдың 19 күнінде ғана бұл көрсеткіш 349-ға дейін өскен. Бұл туралы Ұлттық тестілеу...

Қайырымды істер марафонына елорда студенттері қосылды

Қайырымды істер марафонына Нұр-Сұлтан студенттері қосылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің жастары астанадағы қарттар үйінің ауласын тазартып, қайырымды істер бастамасына қосылды. Ел Тәуелсіздігінің...

Вице-министр сапасыз ЖОО-лардың барлық былығын әшкере етті  

Білім сапасын қамтамасыз ете алмаса да, дипломдарды оңды-солды беріп жатқан жоғары оқу орындарының жабылуы – елдің және Қазақстанда өмір сүретін әрбір азаматтың қауіпсіздігіне тікелей...

Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығын ЮНЕСКО шеңберінде атап өту керек — сенатор

Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығын ЮНЕСКО шеңберінде атап өту керек. Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Сенатында өткен отырыста сенатор Алтынбек Нұқұлы бір топ депутаттардың атынан...