-7 C
Нур-Султан
28.02.2021

Тағы бір ЖОО бас лицензиясынан айырылды — БҒМ

Білім және ғылым министрлігі сапасыз білім беретін жоғары оқу орындарының санын қысқарту бойынша жұмысты жалғастырып жатыр.  Барлық тексеру қатаң түрде қолданыстағы заңнамаға сәйкес жүзеге асырылуда. Талаптар бойынша жоғары оқу орындары анықталған бұзушылықтарды берілген уақыт ішінде жоюы тиіс. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Мәселен, өткен жылы ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті Қазақ медициналық үздіксіз білім беру университетінің білім беру қызметіне тексеру жүргізіп, нәтижесінде өрескел бұзушылықтар анықтады, делінген хабарламада.

Ведомствоның мәліметінше, жоғары оқу орнындағы бакалавриат, магистратура, докторантура, резидентура бағдарламасы бойынша оқу үрдісі қажетті профессорлық-оқытушылық құраммен және тиісті материалдық-техникалық базамен қамтамасыз етілмеген. Сонымен қатар оқу орнындағы өзге де маңызды көрсеткіштер белгіленген ең төменгі нормаларға сәйкес келмейді.

2020 жылғы шілде айындағы тексеріс нәтижелері бойынша аталған университет лицензиясының күші тоқтатылып, анықталған бұзушылықтарды жоюға уақыт берілді. Алайда, қайта тексеріс жүргізу кезінде Қазақ медициналық үздіксіз білім беру университеті Комитеттің нұсқамаларын орындамағаны және заңнаманы өрескел бұза отырып, жұмысын жалғастырғаны белгілі болды.

 «Болашақ дәрігерлерге сапалы білім беру – адамдардың өмірі мен денсаулығының кепілі. Осы орайда біз сотқа жүгінуге мәжбүр болдық. Қазақ медициналық үздіксіз білім беру университетін жабу мәселесін сот та, Білім және ғылым министрлігінің Комитеті те қарады. Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының қаулысына сәйкес Қазақ медициналық үздіксіз білім беру университеті әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Одан бөлек, ЖОО-ға айыппұл салынып, бас лицензиядан айыру туралы шешім шығарылды», – деді ҚР БҒМ Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрайымы Гүлзат Көбенова.

Қазақ медициналық үздіксіз білім беру университеті Алматыдағы дәрігерлердің біліктілігін жетілдіру ұйымының базасында 2015 жылы құрылғанын айта кеткен жөн. Бүгінгі таңда аталған оқу орнында 3 мыңнан астам студент оқиды.

«Еліміз бойынша 14 жоғары оқу орны болашақ дәрігерлерді дайындайды, оның бесеуі Алматы қаласында орналасқан. ҚазМҮББУ-да оқыған студенттердің гранттары сақталады және  олар басқа жоғары оқу орындарына ауыстырылады. Оқу құны өзгермейді. Сондай-ақ оқытушыларды жұмысқа орналастыру мәселесі жеке қарастырылып жатыр», – деп атап өтті Гүлзат Көбенова.

Бас лицензиядан айыру туралы сот шешімі 10 жұмыс күнінен кейін заңды күшіне енеді және жоғары оқу орны білім беру қызметін тоқтатуға міндетті болады.

kazbilim.kz

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Вице-министр сапасыз ЖОО-лардың қандай қитұрқы әрекеттер жасайтынын нақты атады

Білім және ғылым вице-министрі Мирас Дәуленов өзінің facebook.com парақшасында кейбір жоғары оқу орындарының тексерістен өту үшін қандай амалдарға баратынын егжей-тегжейлі жазды. *** Алдыңғы жазбада біз неге...

Ұлттық біліктілік тестілеуі кезінде педагогтердің өзі «шпаргалка» қолдануды әдетке айналдырған – Д. Смағұлов

2020 жылы  Ұлттық біліктілік тестілеуі кезінде Ережені бұзған 1202 мұғалім анықталса, 2021 жылдың 19 күнінде ғана бұл көрсеткіш 349-ға дейін өскен. Бұл туралы Ұлттық тестілеу...

Қайырымды істер марафонына елорда студенттері қосылды

Қайырымды істер марафонына Нұр-Сұлтан студенттері қосылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің жастары астанадағы қарттар үйінің ауласын тазартып, қайырымды істер бастамасына қосылды. Ел Тәуелсіздігінің...

Вице-министр сапасыз ЖОО-лардың барлық былығын әшкере етті  

Білім сапасын қамтамасыз ете алмаса да, дипломдарды оңды-солды беріп жатқан жоғары оқу орындарының жабылуы – елдің және Қазақстанда өмір сүретін әрбір азаматтың қауіпсіздігіне тікелей...

Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығын ЮНЕСКО шеңберінде атап өту керек — сенатор

Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығын ЮНЕСКО шеңберінде атап өту керек. Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Сенатында өткен отырыста сенатор Алтынбек Нұқұлы бір топ депутаттардың атынан...