Республикалық Qazbilim орталығының 5 жылдығына орай ҰБТ-ға жаңа форматпен дайындалуға арналған көмекші құрал — E-UBT сайты іске қосылды.
Аталмыш сайтқа Ұлттық тестілеу орталығы бекіткен жаңа формат бойынша әзірленген 20 мыңнан астам сұрақ жүктелді. Ендігі кезекте кез келген оқушы өз білімін тексеру үшін сайқа немесе сайттың мобильді қосымшасына тіркеліп, сұрақтарға жауап бере алады.
Республикалық Qazbilim орталығының директоры Оразбек Әбсаттардың айтуынша, мұндай жобалар оқушылардың ҰБТ тапсырар алдында өз білімін тексеруде, қай бағыт бойынша дайындалу керек екенін анықтауда таптырмас құрал болады.
«Бұрындары ҰБТ-ға дайындық ретінде сынама тесттер тапсырылып жүрді ғой. Ал биыл барлық түлектер ҰБТ-ны онлайн түрде тапсырады. Соған байланысты біз де түлектерге көмек болсын, бір жағынан дайындық болсын деген ниетпен осы E-UBT сайтын іске қосып отырмыз», — деп атап өтті Оразбек Сералыұлы.
Айта кетейік, сайтқа тіркеліп, тест тапсыруға кірген оқушыға бір нұсқа беріледі. Әр нұсқада оқу сауаттылығы бойынша 20, Қазақстан тарихы бойынша 15, математикалық сауаттылық бойынша 15, екі бейіндік пән бойынша 70 сұрақ, барлығы 140 балдық 120 сұрақ беріледі.
Сонымен қатар, жаңа формат талаптарына сәйкес таңдау пәндері бойынша 5 мәтіндік сұрақ енгізілген.
Шығармашылық бағытты таңдаушылар Қазақстан тарихы мен оқу сауаттылығы бойынша әрқайсысы 20 сұрақтан тұратын 40 балдық жүйемен тапсырады.
Тіркеліп төлем жасау арқылы кез-келген уақытта тест тапсыруға болады. Төлемдерді paybox онлайн төлем немесе qiwi терминалдары арқылы жүзеге асыру мүмкіндігі қарастырылған. Бір реттік тест тапсыру құны 260 тг.
Тапсырған тест нәтижелерін жеке кабинеттегі нәтижелер бөлімінен тексеруге болады. Сондай-ақ барлық белгіленген сұрақтардың дұрыс не қате екендігін анықтауға болады.
kazbilim.kz
Жаксы екен