-7 C
Нур-Султан
28.02.2021

Дариға Назарбаева: Педагогтердің жалақысы төмен

Мәжіліс депутаты Дариға Назарбаева педагогтер жалақысының төмендігі туралы үкімет басшысы Асқар Маминге сауал жолдады. Бұл туралы qamshy.kz хабарлады. 

– Бізді білім саласындағы шешімін таппаған өзекті мәселе – мемлекеттік тапсырыс шеңберінде қаржыландырылатын жекеменшік балабақшалардағы педагогтер жалақысының төмендігі мазалап отыр. Алдағы екі жыл ішіндегі мемлекеттік тапсырыста мектепке дейінгі жекеменшік мекемелерде педагогтердің жалақысын көтеру қарастырылмаған. Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2020 жылдың 20 қазан күнгі бұйрығымен қаржыландыру әдістемесіне өзгерістер енгізілген, – деді Д. Назарбаева.

Оның айтуынша, ресми жалақыға түзету коэффициентін 2020 жылы – 25%, 2021 жылы – 50%, 2022 жылы – 75%, 2023 жылы – 100% мөлшерінде енгізу, педагогтердің еңбек демалысының ұзақтығын 56 күнтізбелік күнге дейін арттыру туралы айтылған. Аталған бұйрық жергілікті жерлерде орындалмай отыр.

– Нәтижесінде, жекеменшік балабақшалардың педагогтері өз еңбегінің адал ақысын ала алмай отыр. Білім туралы заңға сәйкес, жергілікті атқарушы органдар мектепке дейінгі тәрбие беру және оқыту ісіне мемлекеттік тапсырысты бекітеді. Егер де жергілікті бюджетте қаражат тапшы болса, жан басына қаржыландыру тетігін іске асыру үшін республикалық бюджеттен мақсатты ағымдағы трансферттер есебінен шығындарды өтеу қарастырылған.

Қазіргі уақытта әкімдіктер бір балабақша тәрбиеленушісіне жан басына шаққандағы нормативтің мөлшерін ерікті түрде анықтайды. Ал бұл белгіленген нормативтің орташа мөлшерінен едәуір төмен. Нәтижесінде, жекеменшік балабақшалар мен педагогтер тиісті қаржыны ала алмай отыр. Көптеген маман жұмысынан айырылып, мекемелер жабылуда, – деді Назарбаева.

Осылайша Дариға Назарбаева премьер-министр Асқар Маминнен облыстарда мемлекеттік тапырыстың көлемі қалай қалыптасатынын, жеке қаржыландыру аясында бөлінген қаржыны жергілікті әкімдіктер іс жүзінде қайда бөлетінін, жергілікті атқарушы органдардың жеке қаржыландыру көлемін төмендетуге құқығы бар-жоғын сұрады.

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Вице-министр сапасыз ЖОО-лардың қандай қитұрқы әрекеттер жасайтынын нақты атады

Білім және ғылым вице-министрі Мирас Дәуленов өзінің facebook.com парақшасында кейбір жоғары оқу орындарының тексерістен өту үшін қандай амалдарға баратынын егжей-тегжейлі жазды. *** Алдыңғы жазбада біз неге...

Ұлттық біліктілік тестілеуі кезінде педагогтердің өзі «шпаргалка» қолдануды әдетке айналдырған – Д. Смағұлов

2020 жылы  Ұлттық біліктілік тестілеуі кезінде Ережені бұзған 1202 мұғалім анықталса, 2021 жылдың 19 күнінде ғана бұл көрсеткіш 349-ға дейін өскен. Бұл туралы Ұлттық тестілеу...

Қайырымды істер марафонына елорда студенттері қосылды

Қайырымды істер марафонына Нұр-Сұлтан студенттері қосылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің жастары астанадағы қарттар үйінің ауласын тазартып, қайырымды істер бастамасына қосылды. Ел Тәуелсіздігінің...

Вице-министр сапасыз ЖОО-лардың барлық былығын әшкере етті  

Білім сапасын қамтамасыз ете алмаса да, дипломдарды оңды-солды беріп жатқан жоғары оқу орындарының жабылуы – елдің және Қазақстанда өмір сүретін әрбір азаматтың қауіпсіздігіне тікелей...

Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығын ЮНЕСКО шеңберінде атап өту керек — сенатор

Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығын ЮНЕСКО шеңберінде атап өту керек. Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Сенатында өткен отырыста сенатор Алтынбек Нұқұлы бір топ депутаттардың атынан...