-5 C
Нур-Султан
28.02.2021

Елордада мұғалімдер жатақханасын салу мәселесі қарастырылып жатыр

Жақында Мичуринода жаңа мектеп пайдалануға берілді, енді мұғалімдер жатақхана салып беруді сұрап отыр

Нұр-Сұлтанда Мичурино тұрғын алабында мұғалімдер жатақханасын салу мәселесі қаралып жатыр. Бұл туралы елорда әкімі Алтай Көлгінов айтты,  деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

«Жақында Мичуринода жаңа мектеп пайдалануға берілді. Ол жерде ескі мектеп болған. Ал жаңа мектеп білім сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Қазір мұғалімдерді жайғастыру бойынша бірқатар мәселе бар. Себебі қаладан алыстау болып тұр. Мұғалімдер жатақхана салып беруді сұрап отыр. Біз осы мәселені зерделеп жатырмыз», — деді Көлгінов онлайн форматта өткен халыққа есеп беру кездесуінде.

Қала басшысының айтуынша, өткен жылы 11 мектеп салынды. Соның ішінде тұрғын алаптарында пайдалануға берілген білім беру нысандары да бар.

«2021 жылы 15 ірі габаритті мектептер саламыз. Бұл 40 мың орын ашуға мүмкіндік береді», — деп атап өтті Көлгінов.

Жалпы, бес жылдық жоспар бойынша 50 мектептің құрылысы жоспарланған.

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Вице-министр сапасыз ЖОО-лардың қандай қитұрқы әрекеттер жасайтынын нақты атады

Білім және ғылым вице-министрі Мирас Дәуленов өзінің facebook.com парақшасында кейбір жоғары оқу орындарының тексерістен өту үшін қандай амалдарға баратынын егжей-тегжейлі жазды. *** Алдыңғы жазбада біз неге...

Ұлттық біліктілік тестілеуі кезінде педагогтердің өзі «шпаргалка» қолдануды әдетке айналдырған – Д. Смағұлов

2020 жылы  Ұлттық біліктілік тестілеуі кезінде Ережені бұзған 1202 мұғалім анықталса, 2021 жылдың 19 күнінде ғана бұл көрсеткіш 349-ға дейін өскен. Бұл туралы Ұлттық тестілеу...

Қайырымды істер марафонына елорда студенттері қосылды

Қайырымды істер марафонына Нұр-Сұлтан студенттері қосылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің жастары астанадағы қарттар үйінің ауласын тазартып, қайырымды істер бастамасына қосылды. Ел Тәуелсіздігінің...

Вице-министр сапасыз ЖОО-лардың барлық былығын әшкере етті  

Білім сапасын қамтамасыз ете алмаса да, дипломдарды оңды-солды беріп жатқан жоғары оқу орындарының жабылуы – елдің және Қазақстанда өмір сүретін әрбір азаматтың қауіпсіздігіне тікелей...

Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығын ЮНЕСКО шеңберінде атап өту керек — сенатор

Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығын ЮНЕСКО шеңберінде атап өту керек. Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Сенатында өткен отырыста сенатор Алтынбек Нұқұлы бір топ депутаттардың атынан...