Биыл Республикалық Qazbilim орталығының құрылғанына 5 жыл толып отыр. Осы уақыт аралығында орталық еліміздің түрлі қалаларынан 11 бөлімшесін ашып, оқушылардың қосымша білім алуына өз үлесін қосып келеді.
Бүгін Республикалық Qazbilim орталығының ұйымдастыруымен ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына және Республикалық Qazbilim орталығының құрылған күніне орай «Жыр арқауы- Qazbilim» атты поэзиялық кеш өткізілді.
Кешке Қазақстанның түкпір-түкпірінен талантты оқушылар қатысып, ақиық ақын М.Мақатаевтың өлеңдерін мәнерлеп оқып, сонымен қатар өздері жазған жырларын да тарту етті.
Жоғары сынып оқушыларымен бірге 5-6 сынып оқушыларынан талантты шәкірттеріміз қосылып, домбырамен және скрипкамен өз өнерлерін көрсетті.
Кешке белсене қатысқан оқушыларға орталық тарапынан алғыс хаттар тарту етілді