-22 C
Нур-Султан
26.02.2021

Әлеуметтік желідегі белсенді азаматтардың тек 0,0001%-ы ғана шетелдік мектептерде оқуға рұқсат сұрап отыр – сарапшы

Егер біз өзіміз Қазақстан азаматы болсақ, онда балаларымыз, кішкентай азаматтарымыз да, азаматтығына қатысты елде базалық білім алуы тиіс және міндетті. Кішкентай азаматтардың санасында Отанға деген құрмет сезімін қалыптастыру керек, — деп санайды тарих пәнінің мұғалімі Дана Рау. Бұл жөнінде белсенді мұғалім өзінің Facebook парақшасында жазды.

«Жеке популистердің білім беру саласына қатысты жарияланымдарының жетегімен әлеуметтік желілердегі адамдар, не болып жатқанына талдау жасамай-ақ, біресе ана пікірге, біресе мына пікірге қосыла салады. Бұл қалыпты жағдай. Тіпті қазірдің өзінде кейбіреулер қабылданған заңнамалық өзгерістердің байыбына бармай жатып, қолдау білдіріп, бастарын шұлғып отыр. Балаларын келешекте тек шетелдік мектептерде оқытқысы келетін мектеп жасына дейінгі балалардың ата-аналар бар екен. Олар ата-аналарға Конституцияда көрсетілген нормаларды орындауға міндеттейтін Заң бар екенін естеріне енді ғана түсіргендей. Дегенмен, барлық жастағы балаларға, тіпті жөргегінен бастап, шетелдік мектептерде қосымша білім алуға ешкім тыйым салған жоқ қой. Мейлі ол Марста немесе басқа ғаламда болсын, қосымша білімді кез келген елде щашықтан алуға болады», – дейді Дана Рау өз жазбасында.

Педагогтің есебі бойынша, Facebook әлеуметтік желісіндегі белсенді халықтың тек 0,0001%-ы ғана шетелдік мектептерде оқуға рұқсат сұрап отыр.

«Мен әлеуметтік желілерді қарап шықтым. Петицияға қол қоюшыларға да көз жүгіртіп өттім. Егер Facebook әлеуметтік желісіндегі Қазақстан резиденттерінің саны шамамен 2,5 млн адамды құраса, пікірлер мен үн қатуларды (номаға қарсылар 6-10 адам ғана), сондай-ақ БҒМ атына жазылған петицияға қол қойғандардың санын ескерсек (барлығы 512 адам қол қойған), шетелдік мектептерде балаларды оқытуға рұқсат беруді талап ететіндердің саны әлеуметтік желіні пайдаланушылардың тек 0,0001%-ын ғана құрайды», — деп атап өтті Дана Рау.

Естеріңізге сала кетсек, Конституциямызға сәйкес азаматтар міндетті болып табылатын және мемлекет тарапынан қамтамасыз етілетін орта білім алуы тиіс. Ал қосымша білім алу әрбір баланың жеке құқығы болып табылады. Балалар қосымша білімде елімізде де, одан тыс жерлерде де кез-келген нысанда, соның ішінде қашықтан да ала алады.

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Вице-министр сапасыз ЖОО-лардың қандай қитұрқы әрекеттер жасайтынын нақты атады

Білім және ғылым вице-министрі Мирас Дәуленов өзінің facebook.com парақшасында кейбір жоғары оқу орындарының тексерістен өту үшін қандай амалдарға баратынын егжей-тегжейлі жазды. *** Алдыңғы жазбада біз неге...

Ұлттық біліктілік тестілеуі кезінде педагогтердің өзі «шпаргалка» қолдануды әдетке айналдырған – Д. Смағұлов

2020 жылы  Ұлттық біліктілік тестілеуі кезінде Ережені бұзған 1202 мұғалім анықталса, 2021 жылдың 19 күнінде ғана бұл көрсеткіш 349-ға дейін өскен. Бұл туралы Ұлттық тестілеу...

Қайырымды істер марафонына елорда студенттері қосылды

Қайырымды істер марафонына Нұр-Сұлтан студенттері қосылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің жастары астанадағы қарттар үйінің ауласын тазартып, қайырымды істер бастамасына қосылды. Ел Тәуелсіздігінің...

Вице-министр сапасыз ЖОО-лардың барлық былығын әшкере етті  

Білім сапасын қамтамасыз ете алмаса да, дипломдарды оңды-солды беріп жатқан жоғары оқу орындарының жабылуы – елдің және Қазақстанда өмір сүретін әрбір азаматтың қауіпсіздігіне тікелей...

Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығын ЮНЕСКО шеңберінде атап өту керек — сенатор

Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығын ЮНЕСКО шеңберінде атап өту керек. Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Сенатында өткен отырыста сенатор Алтынбек Нұқұлы бір топ депутаттардың атынан...