Елордадағы 51 мектеп-гимназиясының директоры Аятжан Ахметжанұлы өзінің фейсбук парақшасында биылғы ақпан-қыркүйек айларында мектеп ғимаратына жасалатын күрделі жөндеу жұмыстарының эскиздерін жариялады.
Жазба әлеуметтік желіде үлкен резонанс туғызып, көптеген оқырмандар мұндай заманауи үлгідегі эскиздерге қатты таңданып, ықыластары мен тілектерін білдіруде.





«Қазақ баласы заманауи, үздік, озық мектепте оқуы тиіс!
Құрметті достарым, мынау мектептің ақпан-қыркүйек айында жасалатын жұмыстары!
Бірінші кезең!
Кіреберіс!
Кітапхана!
Физика!
Химия!
Биология кабинеттері және демалыс аймағы суреттері! Бәрі емес әрине, бір бөлігі», — деп жазады мектеп директоры.
А. Ахметжанұлының мәліметінше, мектепті заманауи келбетке келтіру жұмыстарының екінші кезеңі қыркүйек-желтоқсан арасына жоспарланған екен. Ал келесі жылдың қаңтар-маусым арасында үшінші кезеңі жасалады.







«Осылай біз балаға керемет көңіл күй сыйлайтын орта жасаймыз!
Параллель білім сапасы мен тәрбие үрдісі жүреді», — деп атап өтті мектеп директоры.
Айта кету керек, жобалар мектеп бюджетімен және демеушілер қолдауымен жасалып жатыр.
kazbilim.kz